«Диплом­мен – ауылға!» кім барады?

«Диплом­мен – ауылға!» кім барады?

«Дипломмен – ауылға!» бағдар­лама­сы талай жастың жолын ашып, үлкен өмірге қадам басуына көмек­тескені белгілі. Жоба аясында жалынды жастар ауыл-ауылдарға жол тартып, бұқара үшін қызмет етіп қана қоймай, өз тұрмысын да түзеу­ге  мүмкіндік алды. Ең әуелі бірреттік көтерме жәр­демақысына қол жет­кізсе, кейіннен баспана үшін тұр­ғын үй несиесі де берілді. Алайда биылдан бастап бағдар­лама­ның талабы мен тәртібі өзгеріп отыр. Енді несиелік тарихы бұ­зылған жастар тұрғын үй кредитін ала ал­майды. 
90 күндік берешегің болса, тұрғын үй несиесінен  қағыласың

Мұндай жаңалықты естігеннен кейін ең әуелі Жамбыл облысында «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы бойынша түзілген статистикаға көз салған едік. Облыс  әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы берген ақпаратқа сүйенсек,  2010-2020 жылдары «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы аясында 2 143 маманға 6,5 миллиард теңге несие беріліпті.  1 156 маман білім беру саласына бағытталса, 436 маман денсаулық сақтау, 59 маман мәдениет, 46 маман  спорт, 6 маман  әлеуметтік қамсыздандыру және  135 маман атаулы әлеуметтік көмек салаларында еңбек етуде.

 
2020 жылы  331 маманға тұрғын үй сатып алуға немесе салуға республикалық бюджеттен 1 330,1 миллион теңге  қарас­тырылса, енді биылғы  жылға мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін  «Дипломмен – ауылға!» жобасы аясында 270 жасқа  жалпы  1 181,8 мил­лион  теңге бюджеттік несие беру жос­пар­ланған. Алайда оны жаңа талап бойынша екінің бірі ала алмайды. Яғни, «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеу­мет­тiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеу­мет­тiк қолдау шараларын көрсету қағида­ларын бекіту туралы» Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрығына 2020 жылдың 30 қыр­күйек айында  енгізілген өзгерту­лерге сәй­кес, енді кредиттік тарихы бұзылған азаматтарға тұрғын үй несиесі берілмейді. Тармақта келтірілген түзетулерді сөзбе-сөз келтірсек:

Павлодарда сайлауалды бағдарламаның 12 бағыты бойынша қоғамдық кеңестердің құрамы бекітілді
Ақтөбе облысында 12 қоғамдық кеңес құрылды
Қарағанды облысында сайлауалды бағдарламаның іске асырылуын бақылайтын қоғамдық кеңестердің төрағалары мен құрамы бекітілді
 
«Әлеуметтік қолдау шаралары бұрын берілген кредиттер бойынша өтелмеген мерзімі өткен берешегі жоқ (осы қағидалардың 10-тармағында көрсетілген құжаттарды қарау сәтінде), сондай-ақ соңғы 2 (екі) жыл ішінде 90 (тоқсан) күнтізбелік күннен астам мерзімі өткен берешегі жоқ көрсе­тілетін қызмет алушыларға ұсынылады» делінген.  Қарапайым тілмен  айтсақ,  жаңа өзгертулер бойынша екі жыл ішінде алдыңғы несиелерінен қалған 90 күндік берешегі болса, ауылға келген жас маман тұрғын үй кредитінен қағылады.

«Сенімхат» беру соншалықты қиын ба?

Жуырда осы мәселемен баласы үшін шырыл­даған Мұхит Есіркепов есімді өңір тұрғыны хабарласты. Оның сөзіне сүйенсек, қызы мен күйеубаласы банктегі несиесін жауып қойса да, тұрғын үй несиесін ала алмай жүр екен.

– Қызым мен күйеубалам оқуын тәмамдағаннан кейін өз өмірлерін бастайын деп Меркі ауданына «Диплом­мен – ауылға!» бағдарламасы бойынша барған еді. Алғашқы көтерме жәрдем­ақысын еш қиындықсыз алды. Алайда енді тұрғын үй несиесіне құжаттарын тапсырып еді, күйеубаламның төленіп қойған несиесінің 90 күндік берешек болған уақыты шыға келді. Өмір болғаннан кейін күйеу­балам кредитін арасында төлей алмай қалған. Бірақ одан кейін несиесін толықтай жауып тастаған. Банктен алған осы анықтама қағазын апарсақ та, «кредиттік тарихы бұзылған, төлемеген күндерін қосқанда, 90 күннен асып тұр» деп тұрғын үй несиесін бермей отыр. Бұл мәселемен аудан әкімдігіне барып едік, олар да еш көмек бере алмады. 9 миллион теңгеге Меркі ауданынан үй де таңдап қойғанбыз. Дипломмен ауылға келген қызыма шығып тұрған 4 миллион теңгеге жуық ақша оған жетпей тұр. Енді қалған ақшаны қайдан табарымызды білмей отырмыз, – дейді балалары­ның бола­шағына алаңдаулы әке.

Меркі ауданы әкімдігіне хабар­ласқанымызда, ондағы мамандар заң талабы сондай екенін алға тартып, жас мамандар үшін ешқандай көмек көрсете алмайтынын жеткізді. Десе де, ел ара­сын­да егер аудан әкімі жастарға «сенім­хат» берсе, бұл мәселе шешілетіні туралы айтылды. Осының анық-қанығына жету үшін  облыс  әкімдігі Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының есігін қаққан едік, мұндағы мамандар бұл ақпаратты не жоққа шығармады, не растамады. Тек бәрі заң шеңберінде болса, рұқсат дегенді меңзеді. Демек, егер аудан әкімі жас маманның несиесі жабылғанын растай отырып, оның төлем қабілеті жететініне «сенімхат» берсе, бұл мәселені шешуге болады деген сөз. Ал Меркі ауданының жаңа әкімі Руслан Нұрсипатов бұған бас ауыртқысы  келмеген секілді.

Бірінші несие бюросының шешімі жастардың жолын аша ала ма?

 Жуырда «Бірінші несие бюросы» мекемесі 1 миллионға жуық қазақстан­дық­тың несие тарихы қалпына кел­тірілгені туралы ақпарат таратты. Олардың мәліметіне сүйенсек,  банктен қарыз алып, уақытында төлей алмаған адамдарға  «оңал­тылды» деген статус берілген. Алайда борышкер ең алдымен банктегі несиесін  толық жабуы керек.  Сонымен қатар  12 ай бойы басқа да несие бойынша мәселесі болмауы қажет.

Ал «оңалтылды» деген мәртебенің бар-жоғын азаматтар egov.kz порталынан не болмаса бірінші кредиттік бюроның сайтынан біле алады. Сонымен қатар халыққа қызмет көрсету орталығы мен «Қазпоштаның» бөлімшелерінен де анықтай алады.

Әрине, бұл – жанға жылу беретін ақпар. Алайда бұл дипломмен  ауылға барған жастардың жолын аша ала ма? Қазір шындап санап келіп жіберсең, кез келген азамат  екі-үш күндеп болса да несие төлеу уақытын созып алғаны анық. Енді сол күндердің бәрін қосып, «90 күннен асып кеткен» деп тұрғын үй несиесін бермей қойған дұрыс па? Мұндай жағдайда ауылға келіп тұрған жас маманға аудан әкімдері қол ұшын созып, тығырықтан шығу жолын бірге неге  қарастырмайды?  Егер банк бір шалқайса, аудан әкімдері бастарын алып қашса, «Диплом­мен – ауылға!» кім  барады?

Саятхан САТЫЛҒАН

Жамбыл облысы

aikyn.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста