Дұрыс таңдау - болашаққа бағалы үлес

Дұрыс таңдау - болашаққа бағалы үлес

Ел арасында «Жар таңдауда, мамандық таңдауда қателеспе» дейтін жиі айтылатын жаттанды сөз бар. Мен осылардың қатарына "білім алатын ЖОО дұрыс таңдау" маңыздылығын да қосып айтар едім. Өйткені, бүгінде мектеппен қоштасып, болашақта еліміздің өсіп-өркендеуінің негізгі себепкерлері болатын жас түлектердің сапалы маман болып шығулары үшін, олардың жан-жақты дамуына көмек беретін университет таңдаулары аса маңызды деген ойдамын. Осыған байланысты жас түлектерге бағыт болар деген оймен 1934 жылы негізі қаланған ,өзімді-өзім тануға, шыңдауға өз септігін тигізген әрі маған көп мүмкіндіктерге жол ашқан – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ туралы айтқым келеді
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті - Қазақстанның жетекші классикалық университеті мәртебесіне ие Қазақстан білімі мен ғылымының ірі орталығы, жоғары кәсіби , жоғары оқу орнынан кейінгі білім мен ғылымның инновациялық дамуының ұлттық көшбасшысы. Университет құрамында 14 факультет, 98 кафедра, 20 ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтар, Технопарк қызмет атқарады: 2000-нан астам профессорлар, докторлар, ғылым кандидаттары мен философия докторлары университетте қызмет атқарады, онымен қоса 180-нен астам мамандық бойынша студенттерді даярлайды . Университетте көпсалалы жоғары кәсіби білім жүйесі бойынша 20000 студент білім алуда. ҚазҰУ-де көпсалалы білім беру жүйесі қалыптасқан: жоғары базалық білім (бакалавр дәрежесі), жоғары профессиональды білім (магистр), аспирантура және докторантура.
Қазіргі таңда ҚазҰУ-дың Экономика және Бизнес Жоғары Мектебінің Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығының 4-курс студентімін.Студенттік шақ деген әлдебір романнан немесе әлдебір ауызекі әңгімелерден естіп жүрген қызықты да байыпты шаққа еніп, тағы бір қадамымызды жасадық. Алматыдай үлкен қалаға келіп жалғызсырау, бөтенсіну деген жағымсыз әсер атымен жоқ. Сіз білсеңіз, ондай ой оқу ордасына, киелі шаңыраққа қадам басқан сәттен бастап-ақ жоқ болады. Себебі жаңа таныс болған достардың, білім деп азуын айға білеген жалынды жастардың ортасында тек қана жаңа дем пайда болғандай еді. ҚазҰУ болашаққа нық қадам бастырар саналы ғұмырдың бір айғағы іспетті. Еліміздің басты оқу орны менің білім алуға деген потенциалымды өрлеткендей болды. Оның себебі де аз емес.
Қара шаңырақтың қоластына жиылған жиырма мыңға жуық ізденушінің талабын тауға қарай домалатар жағдайдың барлығы да жасалған. Әрине мұны ғажайып әлем десе де болар, ең бастысы талай бала қыранның қанатын ұштап, қияға самғатқан студенттер сарайы, тарихы теріңде жатқан ҚазҰУ-ды бір сәтке көз алдына елестететін жеке мұражай, заман талабына сай жабдықталған үш жүз адамдық интернет орталығы тағысын тағылар, айта берсең толып жатыр.
ҚазҰУ-дың әрбір студенті, өз университетін әрдайым мақтан тұтатыны сөзсіз. Әсіресе, халыққа танымал болып жүрген азаматтарды біздің түлегіміз деп естігенде, көңілім көтеріліп, бір марқайып қалатыным бар. Мен сол тұлғалардың отырған аудиториясында отырып, сол кісілерге сабақ берген ұстаздардан тәлім алып жүргенім маған жігер береді. Әлемдік дәрежедегі білім мен спорт сайыстарында топ жарып жүрген ҚазҰУ студенттері сол аға буынның жалғасы шығар, мен де сол үрдіске ілесе алсам, жетілгенім және самғап ұша алатындай болғаным деп сенемін. Басты мақсатым-еліміздің дамуына өз үлесімді қоса отырып,халқымыздың игілігі үшін адал қызмет атқаратын мемлекеттік қызметкер болу.ЖОО мен мамандық таңдауда дұрыс шешім қабылдағаныма сенімдімін.
Бүгінгі ҚазҰУ – әлемдік рейтингтерде ал¬дыңғы қатарлардан көрініп, бәсекеге қабілетті мамандар дайындауда танымал болған заманауи білім ордасы. Жоғары білікті оқытушы-профессорлар құрамы, толық жабдықталған Фараби кітапханасы жастардың білім алу мүмкіндіктерін арттыра түседі. Әлемнің алдыңғы қатарлы университеттерімен жасалған тиімді келісімшарттар негізінде студенттердің академиялық ұтқырлық аясында бір семестр басқа елдерде білім алып қайтуына болады. «ҚазҰУ қалашығында» жабдықталған интернет орталығы, спортпен шұғылданатын кешен, әртүрлі студенттік клубтар жұмыс істейтін студенттер сарайы, ғылыми орталықтар бар. Студенттік өмірдің қызығын молайта түсетін «ҚазҰУ аруы», «Жігіт сұлтаны», «Студенттік көктем» сияқты фестивальдер де ұйымдастырылып отырады.
Қорытындылай келе, талай түлектің арманына айналған ҚазҰУ-да оқу мүмкіндігі бұйырғандығына өзімді өте бақытты санаймын. Ал, сапалы білім мен қызыққа толы студенттік өмірге талпынған барлық жас түлектерге айтарым, мүмкіндіктеріңді барынша пайдаланып Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-не түсуге асығыңдар!

Утегенова Алима Берікқызы
ҚазҰУ 4курс студенті
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста