Дыбыстық хабарламаға қатысты: WhatsApp жаңа функция пайда болады

WhatsApp мессенджерінде дыбыстық хабарлама жиі жіберетіндер үшін ыңғайлы опция пайда болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі WABetaInfo қызметіне сілтеме жасап.
Енді пайдаланылушылар дыбыстық хабарлама жолдап жатқан кезде тоқтап, кідіріс жасай алады.
Бұл функция хабарламаны бір хат түрінде жолдауға мүмкіндік береді, яғни ойды аяқтау үшін жаңа хабарлама жолдап әуре болмайды. Бұл екінші тарапқа да тиімді болып отыр, себебі екінші адам да бір ғана хабарлама алады.
Дыбыстық хабарламаны жазу интерфейсіне кідіріс түймесі қосылады, оны басқан кезде аудионы жазу бірден тоқтайды.
WhatsApp дыбыстық хабарламасында кідіріс функциясы iOS қосымшасында тестілеу деңгейінде қолжетімді. Бұл функция Android үшін де әзірленіп жатыр.
Stan.kz
Читайте также

Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре

Фанаты "Барыса" получили негативные известия

GTA VI впервые покажут уже в декабре

Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке

"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу

Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу