Елдегі ЖОО неге шетелдегі білім ордаларымен бәсекелесе алмай келеді?

Елдегі ЖОО неге шетелдегі білім ордаларымен бәсекелесе алмай келеді?

Қыруар қаржы бөлінеді. Бірақ нәтиже аз. Елдегі ЖОО-ы неге әлі күнге шетелдегі білім ордаларымен бәсекелесе алмай келеді? 29 870 адам. Осыдан екі жыл бұрын осыншама отандасымыз шекара асыпты. Бірі білім іздеп кетті, енді бірі жат мекеннен жайлы жұмыс тапты. Ал кейбірі Отанынан біржола көшіп, өзге елге өзек байлады.

 

Өкініштісі сол, көш мұнымен тоқтар емес...

 

Статистикаға сүйенсек, кейінгі он жылда шет елге жөңкілген жастардың қатары екі есе артқан.

 

Аятжан Ахметжанұлы, сарапшы:

 

- Мен шет елге кеткен жастарды екіге бөлем, шынайы білім іздеп кеткендер және диплом іздеп кеткендер. Мен түсінем, әлемдік болмаған 50 университетке түсіп, талпынып білім іздеп жүргендерді. Бірақ Омскі мен Томскіге түскендерді мен білім іздеп кеткендер деп ойламаймын. Оларға жай ғана диплом керек, шетелдің дипломы деген мақтаныш керек. Мен Омскі мен Томскіне мысалға алып отырмын. Еуропада да сондай университтер көп. Шетелге кеткендердің бәрі білім іздеп кетіп жатқан жоқ.

 

Үш жылда 388 мың түлек мектеп бітірді десек, соның 17 мыңы шетел асқан. Әсіресе, солтүстік өңірлердің жастары белсенді. Мұнда бөтен елде білім іздеп кеткендердің үлесі – 14%. Қостанай мен Павлодар өңірінде де көрсеткіш осы шамалас.

 

Бану Нарбекова, ҚР БҒМ Жоғары және ЖОО кейінгі білім департаменті директорының орынбасары:

 

- Мұның барлығын алдын алу үшін министрлік тарапынан Үкімет тарапынан көптеген жүйелі түрдегі іс-шаралар жүргізілуде. Ең бірінші мысалы, шетелдік университеттерден ауысып келетін студенттердің бүгінгі күні ауысу барысында мынау ҰБТ тапсыратын болса, ол норма қазір алынып тасталды.

 

Жалпы білім эмиграциясы ұғымы Қазақстанда кеше ғана пайда болған жоқ. Сондықтан да болар бөтен елге судай сіңіп, тастай батып жатқан жастарды тоқтату қиын.

 

Жасыратыны жоқ, өңірлердегі университеттер түгілі ірі мегаполистердің өзінде білім сапасы көңіл көншітпейді.

 

Ал осындай аты бар, заты жоқ білім ошақтарын анықтап, қызметіне тыйым салу тікелей министрлік құзыретінде.

 

Былтырдың өзінде ведомство тексерісі нәтижесінде 25 жоғары оқу орны лицензиясынан айырылды.

 

Елде лайықты білім болмаған соң өзге мемлекетке сабылатын жастарға өкпелеудің де реті жоқ секілді. Өйткені жат жерде жиған ілімін ел игіліне жаратқысы келетін жастар да жоқ емес.

 

 

 

24.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста