Елдің бәсекеге қабілеттілігі және ұлт денсаулығы

Елдің бәсекеге қабілеттілігі және ұлт денсаулығы

Алматы университетінде Қазақстанның көрнекті ғалымдарының кітаптары жиі басылып тұрады. Осы жолы Спанқұлова Ләззат Сейтқазықызының «Елдің бәсекеге қабілеттілігі және ұлт денсаулығы» атты монографиясы жарық көрді. Кітапта еліміздің дамуы үшін салмақты да салдарлары және демография мен ұлт саулығы саласындағы мәселелер көтерілген.

Кітап не жайында? Бұл кітапта Қазақстанның болашақта дамуына әсер ететін экономикалық бәсекелестік, даму және халық денсаулығы арасындағы өзара байланыс қарастырылады. Экономикалық өсуді және бәсекелестікті талдаудың әлемдік тәжірибесі бойынша, кез-келген елдің бәсекеге қабілеттілігі көптеген факторларға, соның ішінде халықтың денсаулыға байланысты. Сондай-ақ, экономикалық белсенді және бәсекеге қабілетті халықтың дамуының негізгі факторы ретінде туу деңгейінің өсу ерекшеліктеріне де көңіл бөлінген. Туу деңгейінің төмендеуі – бұл тек қана баланың аздығы емес. Ол болашақ үшін негізгі тұтынушылардың санының кемуі, жұмысқа қабілетті жастар санының азаюы. Туу деңгейінің түсуі әсерінен, тұрғын үйге деген сұраныс төмендейді және т.б. Сондай-ақ кәсіпкерлер қатарынан тәуекелге баратын адамдар саны азаяды. Себебі, қазіргі қоғамда адамдар экономикалық өнімділік дәрежесі бойынша бағаланып жүр. Халық денсаулығы қоғамның негізгі құндылығы. Қазір денсаулық мәселесімен тек қана медиктер, әлеуметтанушылар ғана емес, сонымен қатар экономист-ғылымдар да айналысады. Бұның барлығы денсаулықты тек қана медицина және әлеуметтану көзқарасы негізінде ғана емес, сонымен қатар экономика көзқарасында және ғылымдағы жаңа бағыт – денсаулық экономикасының пайда болуын айтады. Алғашқы жарық көрген мақаласы (1993) мен құрастырылған осы кітаптың (2014) арасында жиырма жылдық қажырлы еңбек жатыр, әйгілі ғылыми журналдарда жүздеген мақала жазып, Л.С. Спанқұлова автор ретінде жеті кітап шығарды. Кітап «Денсаулық экономикасына» қызығушылық танытқан демографтарға, экономистерге, әлеуметтанушыларға арналған.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста