Елдің үздік педагогын Шымкентте таңдады

Елдің үздік педагогын Шымкентте таңдады

Педагогтар бұл байқауда ән шырқамады, билемеді. Өнерлерінен гөрі сабақ беру методикасына аса көңіл бөлінді. Екінші рет өтіп отырған республикалық байқаудың ашылу салтанатында сөз алған ректорлар, үздіктерді таңдауда ұстаздың жасына, не еңбек өтіліне емес, тәжірибесі мен жаңашылдығына көп көңіл бөлетіндерін бірден айтты. Солардың бірі – Ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Серік Пірәлиев. Оның айтуынша, елде педагогтарды дайындайтын 73 жоғары оқу орны бар. Сол жоғары оқу орындарының жас ұстаздары арасында өтетін бұл конкурстың мақсаты үздік ұстазды анықтап, оның мәртебесін көтеру. Сабақ берудегі жаңалығын көпшілікке паш етіп, методикасын халыққа тарату, - деп хабарлайды "Алаш айнасы" kazrabat.kz порталына сілтеме жасап.
Сондықтан болар, байқауға келген отызға жуық үміткер байсалдылық танытты. Айта өтейік, бұл білім додасына қатысуға Қазақстанның барлық жоғары оқу орындарынан 46 ұстаздан өтініш келіп түскен. Соның ішінде байқаудың екінші кезеңінде республикамыздың жиырмаға жуық оқу орнынан, атап айтқанда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогокалық университеті, Қазақ ұлттық аграрлық университеті, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Қарағанды мемлекеттік медицина университеті, Атырау инженерлік-гуманитарлық институты, Инновациялық Еуразия университеті, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты, Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты, Семей мемлекеттік педагогикалық институты, Е.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Алматы технологиялық университеті, С. Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Еуразия гуманитарлық институты, Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Қайнар университетінен, Академиялық иновациялық университетінен және Сырдария жоғары оқу орнынан 28 үміткер келді. Алдын-ала жеребе алған байқау қатысушылары, аудиторияларға бөлініп, ашық сабақ өткізді. Түрлі тақырыпта студенттің қызығушылығын арттыруды көздеген педагогтар тың жобаларымен де бөлісті. Оқытушылардың беделін арттыруға арналған шара төрт кезеңнен тұрды. Әрқайсысы тың тақырыпта арнайы жоба дайындап, оны қорғап шықты. Еркін түрде өткізілген сайыста үміткердің өзін жан-жақты көрсете білуі мен шеберлігін ашуға жол берілді.
Ұстаздар да бар білгенін қазылар алдында жайып салды. Өйткені, жеңімпазды елдегі жетпіске жуық жоғары оқу орындары ең жоғары жалақымен жұмысқа шақыратыны анық еді. Сондықтан да кіл мықтыдан оза шабу оңайға соқпады. Республикалық байқауды өткізу Оңтүстік Қазақстан педагогикалық институтына жүктелген. Жауапкершіліктің жүгі ауыр болатынын ескерген ұйымдастырушылар жоғары деңгейде дайындалған. Үміткерлердің сабақ өтуіне барлық жағдай жасады. Оның үстіне институт базасы да мықты. Мұны әділ-қазылар бірден байқапты. Ал үздіктерді таңдау талабы қатаң өтті.
Жеңімпаздарды анықтау қазыларды әбігерге түсірді. Бірінен бірі озған озат оқытушылардың барлығы «Үздік» атауына лайық еді. Десе де, байқаудың жеңімпазын анықтау міндет. Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары оқытушылары арасында өткен «ХХІ ғасыр педагогы» атты ІІ республикалық байқаудың III орын иегері екі үміткерге бұйырды. Олар: Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының аға оқытушысы, филология магистрі Молданова Жазира Ілесқызы мен Еуразия гуманитарлық институтының аға оқытушы, магистрі Қосжанова Ақмарал Сағатбекқызы. Сондай-ақ, Сырдария университетінің аға оқытушысы, магистр Файзиев Нұржан Сапарханұлы да III орынға лайық деп танылды. Республикалық байқаудың II орыны дипломымен Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты Анар Жаппарқұлова мен Тараз Мемлекеттік педагогикалық институтының доценті, биология ғылымдарының кандидаты Гүлнәр Зияева марапатталды. Ал, бірінші орын иегері деп Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты Асылова Раушан Омарқызы танылды.
Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары оқытушылары арасында өткен «ХХІ ғасыр педагогы» атты ІІ республикалық байқаудың Бас жүлде иегері Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің доценті Игимбаева Гаухар Тілеубеқкызына бұйырды. Үздік оқытушы жаңашылдығымен көзге түскен. Еңбегі еленіп, методикасы елге таралатын болды. Жеңімпазға дәл осы күні жұмыс ұсынушылардың да қатары артты. Таңдау үздік педагогтың өз еркінде қалды.
Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары оқытушылары арасында өткен «ХХІ ғасыр педагогы» атты ІІ республикалық байқаудың арнайы номинация иегерлері:

«Көптілді насихаттағаны үшін» номинациясымен Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, техника ғылымдарының кандидаты Шыңғысбаева Жадыра Әтірханқызы;

«Үздік презентациясы үшін» номинациясымен Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының аға оқытушысы, магистр Түгелбаева Алтынай Төлегенқызы;

«Креативті педагог» номинациясымен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің оқытушысы Ибрагимов Аман Ілесұлы;

«Үздік портфолио» номинациясымен Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің аға оқытушысы, магистр Ахметжанова Назым Атабекқызы;

«Тапқыр педагог» номинациясымен Қазақтың спорт және туризм академиясының оқытушы-магистрі Жақсыбекова Динара Қабірқызы;

«Үздік өлкетанушы» номинациясымен Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік институтының оқытушы-магистрі Байбосынова Ләйлә Сәндібекқызы марапатталады.

Серік Пірәлиев, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры:
— Педагогтарға қояр талабым білім сапасын көтеру. Жастардың бойына сіңіру. Төрт жыл оқыған жасқа сапалы білім беру. Одан кейінгі үлкен талап, біз педагог дайындағаннан кейін олардың мектептерге баратынын ескеруіміз керек. Мектептердегі білім сапасын көтеру кезек күттірмейтін мәселе. Біздің дайындаған ұстаздарымыз өзіміздің балаларымызды тәрбиелейтін болады. Сондықтан да, институттқа түскеннен бастап, жастарды тәрбиелеу талабын қоямын.

Оңалбай Аяшев, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры:
— ХХІ ғасыр педагогы озық идеялы, қазіргі заманауи әдіс-тәсіл технологиясын меңгерген, теориялық дайындығы жоғары, үнемі өз білімін шыңдап отыратын жан-жақты тұлға болуы қажет. Әдетте, нағыз педагог оқытпайды, ол оқушының өзін-өзі тануына, өз бойындағы ерекшеліктерді ашуына көмектеседі. Бұл республикалық байқаудың негізгі мақсаты осында жатыр.

Амангелді Құсайынов, Еуразия институтының ректоры:
— Мен педагогтарға қарапайым ғана талап қоямын. Алдына келген студенттерге жан-жақты білім беріп қоймай, өмірге деген көзқарастарын қалыптастыруға септігін тигізу. Қазір өмірдің қандай қиын жағдайда екенін біліп жатырсыздар. Сондықтан әрбір студентіне өз көзқарасын қалыптастырып, маман болуды үйретуің қажет деп талап етемін.

Ақмарал Қосжанова, Еуразия Ұлттық университетінің оқытушысы:
— Бұл «ХХІ ғасыр педагогы» байқауына қатысу себебім осы білікті ұстаздардың, білікті профессорлардың тәжірибесін оқу үрдісіме енгізіп, миссиямызға сәйкес педагогтарды даярлауда қолдану. Байқауға екінші рет қатысуым. Алғашқы байқау Талдықорған қаласында өткен. Ол жерде «Белсенді қатысушы» ретінде марапатталған болатынбыз. Арада жылдар өтсе де, ол байқаудан алған тәжірибемді қолданып келемін. Озық идеялар мен технологияларды сабағымда қолданып жүрмін. Екінші жарияланған байқауға үлкен дайындықпен келдім. Мақсатым — өз деңгейімдегі дәрістерді көрсету». 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста