Елімізде белді оқу орнындарының дипломы 150 мың теңгеге сатылып жатыр (фото)

Қазнетте белді университеттердің дипломын ақшаға сатып жатқан аялақтар пайда болды. Олар түпнұсқадан айнымайтын диплом көшірмелері барлық қажетті базаларға енеді деп сендіруде.
Мұндай хабарландырулардың бірі Instagram желісінде жарияланған. Алғашқы жарияланым мерзіміне қарап, аккаунттың тек бір апта бұрын ашылғанын аңғарасыз. Ал парақша иелеріне сенсек, олар қазақстандық қана емес, ресейлік дипломдарды жасап бере алады.
Парақшада аяқ асты жоғары оқу орнының дипломына ие болған сатып алушылардың фотолары жариялануда.
"Одан бөлек мектеп аттестаттарын, түрлі куәліктерді, тіпті жүргізуші куәлігін әзірлеп бере аламыз. Біздің құжаттар ресми бланкте барлық қажет су белгісі және мемлекеттік белгісімен жасалады", - деп сендірді "сатушылар".
"Біз түрлі мектеп, техникум, университеттермен байланыс орнатқанбыз. Және құжатты тікелей оқу орнында жасай аламыз. Одан бөлек кез келген құжатты базаға енгіземіз, яғни сіздің құжат барлық қажет ресми базаларға тіркеледі. Құжаттарыңыз кез келген тексерістен өте алады", - деп жалғастырды олар.
Авторлар жеке кездесу болмайтынын бәрі құпия сақталатынын ескертуде. Барлық байланыс тек почта арқылы жүргізіледі.
Желі қолданушылары олардың жауапкершілікке тартылатынын ескерткенімен, алаяқтардың қорқатын түрі жоқ.





