Енді дипломдық жұмыстарды өзі жазбай, сатып алатындарға шара қолданылады – Аймағамбетов

Енді дипломдық жұмыстарды өзі жазбай, сатып алатындарға шара қолданылады – Аймағамбетов

Білім және ғылым министрлігінің аппарат жиналысында ведомство басшысы Асхат Аймағамбетов дипломдық жұмыстарды сатып алатындарға шара қолданылатынын ескертті.
 
 Дипломдық жұмыстар немесе дипломдық жобаларды қорғау уақыты жақындап қалды. Осы мәселені назарда ұстау керек. Яғни академиялық адалдық мәселелері сақталуы қажет. Біз қазір арнайы норманы енгізу бойынша тиісті жұмысты бастап кеттік, - дейді БҒМ басшысы.
Оның сөзінше, бұл жұмыстың маңыздылығы жоғары.

Оның мағынасы неде? Дипломдық жұмыстарды белгілі бір ақыға біреуге жазып беру немесе оларды сату, сатып алу мәселелеріне қатысты жағдайлар туындаса, оған тиісті шара қабылданады. Бұл академиялық адалдық принциптерін сақтау үшін қабылданып отыр, - деп түсіндірді Аймағамбетов.
Бас ұстаздың ойынша, бұл тек дипломдық жұмыстарға ғана емес, магистрлік диссертация және басқа да ғылыми еңбектерге қатысты мәселе. 

Егер осындай жұмыстарды біреу «ақылы негізде жазып беремін, көмектесемін» деген ұсыныстар болса, онда тиісті шара қабылдануы керек. Осы мәселені іске асыру үшін біз арнайы нормаларды дайындадық. Олар заңға енгізілгенше, осы мәселеге назарларыңызды аударғым келеді, - деп атап өтті Асхат Аймағамбетов. 


BAQ.KZ

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста