Ғалымдар ашық ауадан су жасамақшы

Ғалымдар ашық ауадан су жасамақшы

 Америка ғалымдары ойлап тапқан жаңа биоматериал ауадан тиімді жолмен су сорып алуға мүмкіндік бергелі тұр. Бұл туралы AmericaRU.com ақпарына сілтеме жасаған ras.kz хабарлады.

Олардың айтуларынша, бұл планетаның Калифорния сияқты құрғақ аудандарында осындай конденсаторларды пайдалануға мүмкіндік береді.

Джон А. Полсон атындағы Гарвард инженерия және қолданбалы ғылымдар мектебінің зерттеушілері жасап шығарған мұндай материал қазір шөл және шөлейт аймақтарда тұратын тұрғындарды қатты қуандырып отыр. Шын мәнінде оқымыстылар ауадан суды көбірек «сорып алатын» өзгеше материал жасап шығара алған. Олар бұған дейінгі осындай талпыныстардың бәрінен артық нәтижеге қол жеткізген.

Зерттеушілер бұған ең бір аңызақ шөл жағдайында өмір сүре беретін қоңыздар мен кактус өсімдігінің әрекеттерін үлгі ретінде пайдаланып бақты. Мәселен, Намибия шөліндегі қоңыз таңертең ерте, ауа конденсаты өзінің шарықтау шегіне жеткен кезінде суды арнайы мембраналар арқылы арқасынан жинап алады екен.

Ал кактустердің тікенекті жапырағы судың өсімдік тініне қарай өтуіне көмектесетінге ұқсайды. Ғалымдар зерттеу кезінде осы аспектілерге айрықша назар аударып, ашық ауадан су жинап алудың өзіндік тәсілін ойлап тауыпты.

Nur.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста