Ғалымдар: Күн бетіндегі аса қуатты жарылыс Жерді жоюы мүмкін

Ғаламдағы ең жарық жұлдыз бетінде жарылыстар болып тұратыны белгілі. Бірақ, бұдан да 1000 есе қуатты жарылыс болуы мүмкін екен. Британиядағы Уорик университетінің ғалымдары осылай мәлімдеді. Бұлай деуге таяуда табылған KIC9655129 жұлдызындағы осындай жарылыстар себеп болған. Ал осы жұлдыз бен Күн бетінде болатын құбылыстардың ұқсастығын ескере отырып, астрономдар бір күні аса қуатты жарылыстың болуы мүмкін екендігін болжады. Ғалымдардың айтуынша, Күн бетіндегі қарапайым жарылыс 10 млн мегатонна бомбаның жарылуына тең болса, аса қуатты супержарылыс осындай миллиард бомбаның жарылысына тең болады. «Егер Күннің бетінде аса қуатты жарылыс бола қалса, бұл Жердің күл-талқанын шығарады. Біздің GPS жүйелеріміз бен спутниктеріміз бірінші кезекте істен шығады», делінген Astrophysical Journal Letters журналында.
24.kz





