Ғалымдар "тозақ қақпасын" тапты

Ғалымдар "тозақ қақпасын" тапты

Ғалымдар Аустралия жағалауынан ежелгі үлкен төрт жанартау тапты. Жергілікті тілшілер оны "тозақ қақпасы" деп атады, - деп хабарлайды "Вести.ru".

Жанартауды Investigator зерттеу кемесі тапты. Жанартаулар Сиднейден 250 шақырым қашықтықта орналасқан. Олардың жасы 50 миллион жыл шамасында. Жанартаулардың кратерінің диаметрі бір жарым шақырым, жанартау теңіз деңгейінен 700 метр биіктікке дейін көтеріледі. 20 шақырым болатын жанартаулар тізбегі 5 шақырым тереңдікте жатыр.

Ең қызығы, ғалымдар жанартау емес, теңіз жәндіктерін іздепті. Оңтүстік Жаңа Уэльс университетінің биологы, профессор Иэн Сатерс командасы "тозақ қақпасын" көрген кезде қатты таңғалғанын айтты. "Мен таңғалғаннан аузымды ашып қалдым. Сосын бірден айқайладым: "Олар мұнда қайдан жүр? Біз неге бұл туралы бұрын білмегенбіз?". Бұл біздің өз теңіздерімізден гөрі Айдың бетін көбірек білетініміздің дәлелі", - деді Сатерс.

Ғалымдар жанартаудың тектоникалық плиталардың қозғалысынан кейін пайда болғанын айтты. Жақын маңда басқа да жанартаулардың болуы ғажап емес.

kaz.tengrinews.kz 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста