Ғалымдар Жер бетінен ең ертедегі секс ізін тапты (видео)

Ғалымдар Канаданың Ньюфаундленд аралы аумағында қазба жұмыстарын жүргізе отырып, жыныстық жолмен көбеюдің үлгісіне кезікті. Бұл туралы TOPnews.ru хабарлады.
Палеонтологтар Канада жерінде эдиакар дәуіріндегі тау қыртыстарынан екі жыныстағы жануарлардың бір-бірлерімен шағылысқан кездерін көрсететін белгілерді тапты. Осының өзі жыныстық қатынас жолымен көбеюдің бұдан 540 миллион жыл бұрын болғанын білдіреді, деп жазады оқымыстылар Nature журналына жариялаған мақалаларында.
Ұлыбританияның Кембридж университетінің профессоры Эмили Митчелл мен оның әріптестері Жердегі жануарлар арасындағы жыныстық жолмен көбеюдің тәсілдерін тапқан. Бірінші көп жасушалы тіршілік иелері, соның ішінде өмір бойы бір нүктеде тұрып келген рангеоморфтар деп аталатын қауырсын және жапырақ тектес организмдер сол уақыттың экожүйесінің өмірінде жетекші роль атқарып тұрған. Митчелл рангеморфтардың Fractofusus деп аталатын тегін зерттей отырып, әдеттен тыс бір жайтты аңғарады – «аталар», «әкелер» және «ұлдар» деген бірнеше ұрпақтың өзіндік колонияларында тұрған бұл жануарлардың қалдықтары бұрынғы теңіздің түбінде бекерден-бекер шашылып жатпаған болып шықты. Палеонтологар тасқа айналған топтардың ара қашықтықтарын өлшей отырып, сондай-ақ өте дәл өлшегіш GPS аппаратының көмегімен олардың орналасу орындары мен көлемдерін қарай келіп, Fractofusus тектері жыныстық жолмен көбейіп отырған деген тұжырым жасады.
ras.kz





