Ғылыми-техникалық шығармашылық және робототехника бойынша ашық чемпионат

Ғылыми-техникалық шығармашылық және робототехника бойынша ашық чемпионат

Сәуір айының 29 мен 30 аралығында Оқушылар сарайында (Достық даңғылы, 124) ғылыми-техникалық шығармашылық және робототехника бойынша Алматы қаласының IV ашық чемпионаты (бұдан әрі – Чемпионат) өткізіледі.

Чемпионатты ұйымдастырушы «Алматы қаласы Білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Қоса ұйымдастырушылар: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, «Қазақстандық жобаларды басқару институты» ҚҚ, «Direct Services» ЖШС, «Love to Code» ЖШС, «Мектептегі сабақтар» ЖШС және «American Cornerand Maker Space Almaty» жобасы.

Чемпионатқа қолдау көрсеткендер «Эйр Астана» АҚ, «Siemens» корпорациясы және «Казинтерсервис», «iPoint Kazakhstan», ЖШС «Қ. И. Сатпаев атындағы ҚазҰТУ Технопаркі», ЖШС «Newtech Distribution», ЖК «Robo-tech.kz» компаниялары.

Чемпионаттың ресми интернет-сайты: www.championship.edualmaty.kz
 
Чемпионаттың басты мақсаты - балалар мен жастардың жоғары технологиялық өндіріске, инновациялар мен инженерлік әзірлемелерге деген қызығушылығын арттыру болып табылады.
Чемпионат техникалық шығармашылық саласындағы талантты балалар мен жастарды анықтау және оларға қолдау көрсетуге бағытталған.
 
Чемпионатқа барлық түрдегі және типтегі білім беру ұйымдарының оқушылары, сонымен қатар Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде орналасқан білім беру ұйымдарының оқушылары мен үйден оқитын оқушылар да қатыса алады.
Чемпионатқа қатысушылардың барлығы командаларға бөлінеді және сол командалар жүлделі орындарға таласатын болады.


 
Чемпионат екі бағытта өткізіледі: «Жобалар» және «Жарыстар».

«Жобалар» бағыты аясында келесі конкурстарды өткізу жоспарлануда:
- инженерлік жоба;
- бағдарламалық жоба;
- WRO 2017 (Open Category) арналған жоба.

«Жарыстар» бағытында роботтар сайысы өткізіледі (сумо, кегельринг, линия) және  WRO 2017 (Open Category) арналған  тапсырмалар орындалады: SustainableTourism, CarbonNeutrality, RenewableandCleanEnergy.
 
Чемпионат барысында Жюри мүшелері командалар ұсынған әр жобаға балл қояды және сол балдардың жиынтығы бойынша әр номинация жеңімпазы анықталатын болады. Ұйымдастырушылардың айтуынша: «...осындай чемпионаттарды өткізу еліміздің талантты жастары – Қазақстанның ұлттық экономикасының заманауи салаларына арналған болашақ инженер-техник кадрларды анықтауға, оқытуға, іріктеуге және одан әрі қолдау көрсетуге көмектеседі».
 
Қосымша ақпарат алу үшін, сонымен қатар тіркелу мәселесі бойынша келесі нөмірлерге хабарласа аласыздар: e-mail: malik.koshmuhan@gmail.com және: +7 705 218 36 73
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста