Келесі жылдан бастап барлық мектеп бес күндік оқуға көшеді - Аймағамбетов

Келесі жылдан бастап барлық мектеп бес күндік оқуға көшеді - Аймағамбетов

Тамыз конференциясында Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов келесі жылдан бастап мектеп директорлары мен мұғалімдер аптасына бес күн ғана жұмыс істейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Келесі жылдан бастап үш ауысымдық мектептерді қоспағанда, барлық мектеп бес күндік жұмыс форматына ауысады. Біз осындай шешім қабылдадық. Бұл мектеп директорларына, мұғалімдерге және барлық қызметкерге қатысты. Біз мұғалімдердің сенбі күні демалуы тиіс деп санаймыз. Мұғалімдер сенбі күні өз балаларының қасында болуы керек. Бұл мектеп директорларына да, оқу меңгерушілеріне де қатысты", – деді Аймағамбетов тамыз конференциясында.

Министр бұл өзгеріс ұстаздардың еңбек демалысына әсер етпейтінін атап өтті.

"Бұл еңбек демалысына әсер етпейді. Демалыс уақыты 56 күн болып өзгеріссіз қалады. Оның үстіне мен мектеп директорларына мынаны айтқым келеді: сенбі күні кейбір әріптестер әдістемелік күндер өткізіп немесе мұғалімдерді қалай да болсын мектепке шақыртып алады. Менің ойымша, бұл практиканы тоқтату керек. Мұғалімдер де, директорлар да бес күн жұмыс істеуі керек", – деді ведомство басшысы.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста