Кентауда бір мектеп пен бір балабақша пайдалануға берілді - ОҚО

Кентауда бір мектеп пен бір балабақша пайдалануға берілді - ОҚО

Оңтүстік Қазақстан облысының Кентау қаласында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен білім күніне орай 200 орындық мектеп пен 100 орындық балабақша ашылып, ел игілігіне тапсырылды.
Байылдыр ауылында орналасқан №9 С.Қожанов атындағы жалпы орта мектеп жаңа заманаиу үлгіде салынған. Білім ордасының ашылу салтанатына қатысқан қала әкімі Ә.Мақұлбаев пен облыстық «Жастар саясаты» басқарма басшысы Б.Жанәбіл ауыл тұрғындарын білім күнімен құттықтап, ұстаздар мен оқушыларға жаңа оқу жылында сәттілік тіледі.
Мұнда балалардың кедергісіз білім алуына барлық жағдай қарастырылған. Мәселен, салқын, ыстық су, интерактивті тақталар, ұл-қыздарға арналған еңбекке баулу құрылғылары мен бақылау бейне камералары орнатылған.
Мереке қарсаңында тұрғындарды қуанышқа бөлеген екінші нысан 100 орындық бүлдіршіндерге арналған «Ертөстік» балабақшасы. Қаланың ішінде бос тұрған ғимаратты мектепке дейінгі білім беру мекемесіне ыңғайластырып, пайдалануға берілді. Ғимаратта балаларға арналған барлық құрал жабдықпен қамтамасыз етілген.
Айта кетейік, биыл Кентау қаласында жалпы мектепке баратын оқушы саны 16 138 құрап отыр. Оның ішінде 1-ші сыныпқа баратын бала саны 1 919 болса, 11-ші сыныпқа баратын оқушы саны 655. Өткен жылмен салыстырғанда мектепке келуші бала саны 20 пайызға өскен.
inform.kz 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста