Киелі жеті саны

Киелі жеті саны

Комекова Роза
Оңтүстік Қазақстан облысы
Мақтарал ауданы
«Дәуір жалпы орта мектебі» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі


Пәні: Әдебиеттік оқу
Сыныбы: 4
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қазақ отбасындағы тәрбиенің ерекшелігі туралы қысқаша мағлұмат беру. Жеті ата, жеті байлық атты ұлағатты ұлттық ұғымдардан хабардар ету.Танымдық қызығушылықтарын дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, «Әлемнің жеті кереметі», «Қазақстанның жеті кереметі» слайдтар, бейнефильм
Сабақтың әдісі: түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап
Пәнаралық байланыс: Математика, дүниетану
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру.
II. Психологиялық дайындық «Сиқырлы сандықша» тренингін ұйымдастыру. Оқушылар қағаздың бетіне өз бойларындағы жағымсыз қылықтарды жазып, сандықшаға салады да, құлптап тастайды
III. Үй тапсырмасын тексеру
- Шешендік сөздер дегеніміз не?
- Сырымның шешендік сөздерін жатқа айтып мағынасын түсіндір.
- Бала би мен Сырымның шешендік сөздерін салыстыр.
- Тағы қандай шешендерді білесіңдер?
IV. Ой шақыру
1. Жігітке жеті өнер де аз.
2. Жеті рет өлшеп, бір рет кес.
- Осы мақалдың ішінде қандай сандар естіліп тұр?
V. Топтастыру
Киелі сандардың қасиеті
«3, 7, 9, 40» сандар тізбегін өзіміздің салт-дәстүрімізден, ырым - тыйымдарымыздан, нақыл сөздерімізден, мақал-мәтелдерімізден анық көруге болады. Жалпы сандардың тек қана математика сабағында ғана емес, күнделікті тұрмыста да маңызы зор. Қарап отырсақ, осы қарапайым 10 цифр болмаса, біз телефон да соға алмаймыз. Сандар адам баласының ертедегі өмірінде ерекше қызмет атқарған. Қазақ халық әр алуан құбылысқа нәзік бақылау жасай келіп, олардың ортақ қасиеттері мен сипаттарын санмен түйіп, санамалап айтып отырған. Сол себепті қазақ халқы бұл сандарға «киелі» деген ұғымды байланыстырып айтқан.
Сол сандардың ішінде ерекше киелі сан−7
VI. Жаңа сабақ
Жұмбақ: 6 санынан кейін, 8 санының алдында тұратын қандай сан?
- 7санын қандай сан деп атайды?
- Киелі сан.
- Олай болса бүгінгі біздің сабағымыз "Киелі жеті саны" деп аталады
1. Жеті ата. "Жеті атасын білмеген жетесіз" деген аталы сөзді өзіңіз де білетін боларсыз. Өйткені қазақта жеті атаға дейін қыз алыспайды, оған дейінгі ұрпақ бір атаның баласы – туыс саналады. Қазақтар негізінен жеті атаны былайша таратады: 1. Бала. 2. Әке. 3. Ата. 4. Үлкен ата. 5. Баба. 6. Түп ата. 7. Тек ата.
2. Жеті жұт. 1. Құрғақшылық. 2. Жұт (мал қырылу). 3. Өрт. 4. Оба (ауру). 5. Соғыс. 6. Топан су. 7. Зілзала (жер сілкіну).
3. Жеті жоқ. 1. Жерде өлшеу жоқ. 2. Аспанда тіреуіш жоқ. 3. Таста тамыр жоқ. 4. Тасбақада талақ жоқ. 5. Аллаһта бауыр жоқ. 6. Аққуда сүт жоқ. 7. Жылқыда өт жоқ.
4. Жеті қазына. Ол жөнінде пікір талас көп. Алайда қазақтар ертеде жеті қазынаға мыналарды жатқызған: 1. Ер жігіт. 2. Сұлу әйел. 3. Ілім-білім. 4. Жүйрік ат. 5. Құмай тазы. 6. Қыран бүркіт. 7. Берен мылтық.
5. Жеті жетім. Тыңдамаған сөз жетім. Киюсіз тозған бөз жетім. Иесіз қалған жер жетім. Басшысы жоқ ел жетім. Аққу, қазсыз көл жетім. Жерінен айырылған ер жетім. Замандасы қалмаса – Бәрінен де сол жетім.
Әлемнің жеті кереметі.
1. Хеопс пирамидасы
2. Семирамиданың аспалы бағы
3. Зевс мүсіні
4. Артемида ғибадатханасы
5. Родос алыбы
6. Галикарнас кесенесі
7. Александрия шамшырағы
Қазақстанның жеті кереметі
1. Қожа Ахмет Иассауи кесенесі
2. Тайқазан
3. Айша бибі мазары
4. Тамғалы жартас суреттері
5. Алтын адам
6. Домбыра
7. Күлтегін ескерткіші
Оқулықпен жұмыс. "Жеті байлық" өлеңін оқыту.
Қорытынды
- Бүгінгі сабақта біз қазақ халқының 7 санын қалай құрметтегенін оқып білдік. Ендеше тақырып мазмұнына байланысты қандай мақалдар білеміз?
Жеті атасын білмеген жетесіз.
Бірінші байлық - денсаулық.

Бағалау
Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма
«Жеті байлық» эссе жазу.
Жеті құнды зат сурет салу


 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста