Колледжге түсушілер 4 мамандық таңдай алады

Колледжге түсушілер 4 мамандық таңдай алады

Колледжге түсуші талапкерлер 4 мамандық таңдай алады. Бұл туралы ҚР БҒМ Техникалық және кәсіптік білім департаменті директорының орынбасары Ернат Жүнісов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Оның атап өтуінше, колледжге түсушілер үшін қабылдау емтихандары алынып тасталды. Тек педагогика, медицина және өнер мамандықтарына ғана қабылдау емтихандары өткізіледі. Өйткені, медицина мамандығы бойынша талапкерлер психометриялық тест тапсырады. Ал педагогикалық мамандық бойынша әңгімелесу түріндегі тест болады.

 

«Бұрын талапкерлеріміз бір ғана мамандыққа тапсыратын болса, енді 4 мамандық таңдауға мүмкіндік алып отыр. Бұл талапкерлеріміз үшін жасалған үлкен мүмкіндік деп ойлаймын. Емтихан алынып тасталғандықтан әрбір мамандық бойынша бейінді және міндетті пәндерді анықтадық. Мысалы конкурс ақпараттық жүйе мамандығына қатысты болса, онда талапкер үшін екі пән міндетті болады. Бірі – алгебра, екіншісі – информатика. Осы екі пәннің бағасы мен қазақ тобына тасыратын болса қазақ тілінің балы есептелінеді. Осы үш пәннің ортақ балы шығарылады және ол конкурс балы саналады», - деді Ернат Жүнісов.

 

Директор орынбасарының айтуынша, осы уақытқа дейін колледжге түсушілер үшін 6 квота қарастырған. Енді оған тағы 3 квота қосылып отыр. Атап айтқанда, көпбалалы отбасыдан шыққан балаларға 5 пайыз, толық емес отбасыдан шыққан балаларға 1 пайыз және мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар үшін 1 пайыз квота беріледі.

 

«Қазіргі уақытта дейін 129 мыңға тарта талапкер құжаттарын тапсырды. 29 шілде мен 3 тамыз аралығында өнер мамандықтары бойынша конкурс өтіп, нәтижесі шығарылды. 3 700-ден астам талапкер құжат тапсырып, 2 800 оқуға түсті. Өйткені, мемлекеттік тапсырыс 2 800 адамға бөлінген. Келесі конкурс медицина мен педагогика мамандықтары бойынша тамыздың 18-21 аралығында өткізіледі. Нәтижесін 22-23 тамыз күндері шығарамыз. Колледжге түкендерге көптеген әлеуметтік жеңілдік бар. Жұмысшы мамандығына түскен талапкерлер бір мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі және 21 787 теңге шәкіртақы алады. Ал жатақханада орын ең алдымен аз қамтылған отбасыдан шыққан және 1-курсқа түскен балаларға бірінші кезекте беріледі. Бүгінде 438 жатақханада 60 мыңнан астам орын бар», - деді Ернат Жүнісов.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста