Көне түркі жазуы ұлықталған күн

Көне түркі жазуы ұлықталған күн

Соңғы 3-4 жыл бедерінде Астанада – Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде 18 мамыр ерекше тойланып келеді. Ресми құжаттың бар-жоғын білмедік, әйтседе, бұл күн баршамыз үшін ерекше қастерлі мейрам. Бұл дата – Көне түркі жазуы мерекесі күні!
2001 жылы 18 мамыр күні өшкеніміз жанып, бабалар әруағы Астана төрінде асқақтағаны күні кеше ғана сияқты еді. Ата жұрт Алтайдан жеткен, күллі түркінің рухын бір басына сыйғызған Күлтегін ескерткішінің түпнұсқа-көшірмесі университетке орнап, әлемдегі бірден-бір бірегей құтхана – «Түркі жазу мұражайы» да осында ашылған болатын. Міне, осы істердің басы-қасында Иманғали Тасмағамбетов, Қаржаубай Сартқожаұлы және басқа ұлтшыл азаматтар жүрген еді. Сол күні, бәрі де есте, шын мәнінде қазақ руханиятының берекесі кірген, мерейі өскен мерекелі күн болған-тұн.
Кешегі 18 мамырда Университет қабырғасында «Байырғы Түркі құндылықтары – 2017» атты халықаралық ғылыми-теориялық және практикалық конференция болып өтті. Бұл басқосу көрнекті түркітанушы профессор Қартжаубай Сартқожаұлының 70 жастық мерейлі тойына орайластырылып өткізілді. Түркия, Қытай, Оңтүстік Корея, Ресей, Өзбекстан ғалымдары бас қосқан бұл мәжілісте көне түркі тас жазулы жәдігерлердің Отаны – Монғолиядан бір қауым ел көшіп келгендей болды. Қазақстандағы Монғолия Елшісі, Бай-Өлкенің барша басшысы, Монғолия ҒА-ның ғалымдары құшақ ашып келіп, Қаржекеңді Бай-Өлкенің Құрметті азаматы деп қошаметтеді. Сол күні ғалымның өңіріне Л.Гумилев медалы, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының «Ана тілі» ерекше белгісі және т.б. марапаттар тағылды.
Шартараптан жиналған ғалымдар төрт секцияда – «Ғ.Айдаров мінберінде» жазба ескерткіштердің тілі, «З.Самашев мінберінде» сақ, ғұн, түрік археологиясы, «О.Смағұлов мінберінде» этнология мен этнография, «Б.Көмеков мінберінде» ортағасырдағы түркі тарихы бойынша қызықты мәліметтермен бөлісіп, ой талқысына салды.
Жиында ғалымның «Тас кітаптың құпиясы» жинағы және «Арыс» қоры баспаларынан жарық көрген «Қ.Сартқожаұлы. Биобиблиография», «Таста қалған тағылым», «Записки казахского тюрколога» атты су жаңа кітаптарының тұсауы кесілді.
Ерекше рухтанған біз және барша ғалымдар қауымы келесі жылы 18 мамырды асыға күте және ол бір бас Университет деңгейінде ғана емес, күллі еліміз, Алты Алаштың баласы, толайым Түркі жұрты тойлайтын қастерлі мерекеге айналса екен тілекпен Алматымызға оралдық.
проф. Ғ.ӘНЕС
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста