Конституция – тұрақты және табысты мемлекеттің негізі

Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына орай «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ Қоғаммен байланыс және баспа қызметі бөлімі «Тәуелсіздік тірегі – Ата Заң!» тақырыбында қалалық семинар өткізді. Бейбітшілік, саяси тұрақтылық, ұлтаралық және дінаралық келісім орнаған зайырлы мемлекеттің құндылықтарын айқындайтын негізгі құжат – Конституция қабылданған 20 жылдағы еліміздің жеткен жетістіктерін зерделеп, Елбасының сарабдал саясатына қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған семинар «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ директоры орынбасарының м.а., п.ғ.к., Халитова Ильдана Ильдархановнаның құттықтау сөзімен ашылды.
Мәжіліс барысында ф.ғ.д., доцент Айдарбеков Зейнабил Смайылханұлы «Конституция – тұрақты және табысты мемлекеттің негізі», «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ кафедра меңгерушісі Ахметов Жандос Өскембайұлы «Конституция - основа демократического развития государства», с.ғ.к., Сейтасқаров Мұрат Айнашұлы «Ата заң – қоғам дамуының кепілі», «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ Қоғаммен байланыс және баспа қызметі бөлімінің бастығы Асылбек Перуза Өзенбекқызы «Халық жүрегінен шығып, сынынан өткен – Ата Заң» тақырыбында баяндама жасады. әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің оқытушысы, тарих ғылымдарының докторы Шалекенов Мұрат Уахитұлы, ПҚ БАИ аға оқытушысы Еденбаева Зәуре Дөненбекқызы ел бірлігін нығайтып, халық тұрмысын жақсартуды көздеген Ата Заңымыздың 20 жылдығына орай ұйымдастырылған іс-шараның маңыздылығын атап өтіп, ізгі тілек-лебіздерін білдірді. Сонымен қатар іс-шараға белсенділікпен қатысқан қызметкерлер «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ «Алғыс хаттарымен» марапатталды.
Алматы қаласы бойынша ПҚБАИ
Қоғаммен байланыс және
баспа қызметі бөлімі





