Магистратура мен докторантураға құжат тапсыру талабы өзгерді

Магистратура мен докторантураға құжат тапсыру талабы өзгерді

Магистратура мен докторантураға түсу үшін шет тілі бойынша емтиханды қайтадан тапсырудың қажеті жоқ.

Мұндай мүмкіндік жаңадан енгізілген ережеде қаралған. Ал ҰБТ-дан межелі балды жинай алмаған түлек қайта кешенді тестілеуге кіре алады. Егер бұл сынақтан да сүрінсе, жоғары оқу орнына шартты түрде студент ретінде тіркеледі және қысқы семестрде қайта емтихан тапсыруға құқы бар. Магистратура мен докторантураға түсу үшін екі сыннан өту керек болады. Біріншісі – қалауыңыз бойынша шет тілінен өтетін емтихан, ал екіншісі – мамандық бойынша сынақ. Егер қолыңызда шет тілін меңгергеніңізді растайтын сертификат болса, автоматты түрде бірінші емтиханнан босатыласыз. Оған IELTS, TОEFL сынды өзге де құжаттар жарай береді. 2016-2017 оқу жылдарына магистратураға 7420 орын бөлінген. Былтырға қарағанда, 188 орынға көп. Білім және ғылым министрлігі өкілдерінің айтуынша, бұл орындар Үдемелі индустриялық даму бағдарламасына керек мамандықтарды қамтуға арналып отыр. Ал биыл докторантураға 628 орын бөлінген.

- Докторантурада оқу ақылы негізде жүзеге асырылатын болды және докторантураға кемінде үш жыл еңбек өтілі бар, магистр дәрежесі және медицина мамандықтары бойынша резидентурада оқуын бітірген адамдар қабылданатын болады. Құжаттарды тапсыру 10 шілдеден 30 шілдеге дейін жүзеге асады. Қабылау емтихандары 10 тамыз бен 20 тамыз аралығында өтеді. Жалпы магистранттар мен докторанттарды ЖОО-ға қабылдау 25 тамызға дейін жүзеге асады, дейді Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті бас сарапшысының м.а. Наужан Дидарбекова.

Биыл 31702 грант бөлінген. Оның 3 мыңы «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» бағдарламасы бойынша білім алғысы келетіндерге арналады. 12 мың грант техникалық мамандықтарға, 5 мыңы педагогика саласына, 3 мыңы медицина, 2,5 мыңнан астамы ауылшаруашылық мамандықтарына деп бөлінген. Қалған гранттар өзге салаларға беріледі. Алайда бұл гранттарды тек ҰТБ кезінде межелі балды жинағандар ғана еншілей алады. Ал 50 балды еңсере алмағандар қайта кешенді тестілеуге кіріп, бағын сынайды. Ол үшін тамыздың 1-і мен 8-і аралығында жоғары оқу орындарындағы қабылдау комиссияларына құжат тапсыру керек. Тестілеу тамыздың 19-ы мен 24-і аралығында өтеді.

Гүлзат Көбенова, Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директорының м.а.:

- Қайта кешенді тестілеуге кіретін түлектер межелі балды жинағанның өзінде тек ақылы негізде оқи алады. Егер осы қайта тестілеуде 50 балды жинай алмаса, жоғары оқу орнына шартты түрде студент ретінде тікеліп, бір семестр оқуына мүмкіндігі бар. Содан соң қысқы демалыс кезінде осы студенттер үшін тағы да тестілеу болады. Сәтті тапсырса, бір семестр бойы барып жүрген университетке қабылданады. Әрі онда оқыған сабақтары да ескеріледі, толықтай студент атанады, дейді Гүлзат Көбенова, Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директорының м.а

Ал педагогика саласын таңдайтын түлектерді арнайы емтихан күтіп тұр. Психологиялық тестілеу және болашақ мұғалімнің білім беру кезінде орын алатын түрлі жағдайларды қалай шеше алатындығын байқайтын сынақтар болады. Бұл өз кезегінде талапкердің педагогикалық мамандықтарға икемі бар ма, жоқ па соны аңғаруға мүмкіндік береді. Егер сынақтан сүрінсе, таңдау пәні бойынша өзге мамандықтарға құжат тапсырып үлгереді.

24.kz
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста