Мамандары сұранысқа ие, көшбасшы оқу орны!

Маман дайындауда көшбасшы оқу орнына айналып отырған әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде экономикалық бағыттағы мамандарды да көп дайындайды. Бүгінде еліміздің экономикасының дамуына, мемлекетіміздің қарыштап өркендеуіне үлес қосып жүрген осы оқу орнының түлектері де аз емес. Заман сұранысына сай маман дайындауды мақсат еткен оқу орыны ұдайы уақыт ағымына қарай бейімделіп, шәкірт тәрбиелеуде.
Өйткені уақыт сұранысын қанағаттандырған мамандар барлық салада қажет екені сөзсіз. Осы орайда атап өтер жайт, Экономика және бизнес факультеті Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің дербес бөлімшесі ретінде қызмет атқара бастаған кезден бастап білім беруде қазіргі заманға сай әдістерді қолдана отырып, жоғары дәстүрлі классикалық білім беру негізін мақсат еткен. 1949 жылы ашылып, 1963 жылы Алматы халық шаруашылығы институтының құрылуына негіз болған, Қазақстандағы жоғары білікті экономистерді даярлайтын ең алғашқы және кең ауқымды оқу орынының түлектері үлкен сұранысқа ие. Соның айғағы Экономика және Бизнес Жоғары мектебінің түлектері Президент Әкімшілігінде, Экономика және Бюджеттік жоспарлау Министрлігінде, Қаржы Министрлігінде, ҚР статистикалық агенттігінде, Ұлттық банкте, коммерциялық банктерде, сақтандыру және аудиторлық компанияларында, жетекші коммерциялық банктерде, салық комитеттері мен инвестициялық және сақтандыру қорларында, мемлекеттік және жергілікті басқару органдары мен «Атамекен» ҰКП, «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорында және басқа да қаржылық мекемелерде, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының барлық экономика салаларында қызмет атқаруда. Әмбебеп маман дайындайтын оқу орнының шәкірттері ғылыммен де айналысып, шетелге білім жетілдіру мақсатында да аттануда. Шәкірттерінің қиялына қанат бітіретін оқу орнында мұндай мүмкіндіктер де қарастырылған.
Жыл сайын аталмыш оқу орнында экономика және бизнес, менеджмент және маркетинг, қаржы, есеп және аудит саласындағы бакалавр, магистр және Ph.D. докторлары мамандық алып шығады. Оларға білім беретін ұстаздарға да үлкен талап қойылған. Бүгінде Экономика және бизнес жоғары мектебінде 20 ғылым докторы, 45 ғылым кандидаты мен 10 Ph.D. докторын қоса алғанда кәсіби біліктілігі өте жоғары профессорлық-оқытушылық құрам қалыптасқан. Оқу орны білім беруде үнемі оқытудың заманауи әдістеріне ден қойған. Мәселен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қарамағындағы Экономика институтымен тығыз байланыста жүргізілетін ғылыми зерттеулер мен ғылыми мектептердің сабақтастығына студенттерді белсенді қатыстыру жолға қойылған. Халықаралық жобалар да тұрақты түрде жүзеге асырылып, шетелдік серіктес университеттерде білім алмасу мүмкіндігі де бар.
Қазақстанда білікті экономикалық мамандарды дайындайтын іргелі білім ошағына Еуропаның жетекші FIBAA аккредиттеу агенттігі «Экономика және бизнес жоғары мектебінің» 24 білім беру бағдарламаларының жоғары сапасын растап сертификаттар табыстаған. Бұл аталмыш оқу орнының халықаралық дәрежеде, сапалы білім беретінінің бір айғағы болса керек. Сонымен қатар Экономика және бизнес жоғары мектебінде шетелдік оқытушы профессорлар да дәріс оқиды. Яғни халықаралық талаптарға жауап беретін мамандар қалыптастыру оқу орнының басты мақсаттарының бірі болып отыр. Сондықтан Экономика және бизнес мектебі жастар қалауы!
Абдрахман Айдана, Экономика және бизнес жоғары мектебінің 4 курс студенті
Ережепова Айманкуль Абдыкаимовна, Ғылыми жетекші: э.ғ.к аға оқытушы





