«Мәңгілік ел - мәңгілік тіл»

«Мәңгілік ел - мәңгілік тіл»

Әр адам өзінің тілін шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап құлағына сіңіруі тиіс. Себебі, тілін білген адамның ғана бойында патриоттық сезім қалыптасады. Олар елге, ұлтқа пайдалы мәселелерді қозғап, жауапкершілікті сезінеді. Өйткені, мемлекеттік тіл елімізде аса маңызды да, ең өзекті мәселе.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы Қазақстан Республикасының Тілдер күні мерекесіне арналған шетелдік студенттерге «Мәңгілік ел-мәңгілік тіл» атты ашық тәрбиелік іс-шарасын өткізді. Шараға кафедра оқытушылары мен дүние жүзінен келген, осы кафедрада білім алып жүрген шетелдік студенттер қатысты.
Бұл іс-шара қазақ, орыс тілдерінде өткізілді. Аталмыш іс-шара аясында бекітілген жоспар бойынша кафедраның тіл мамандары Қазақстан Республикасында тұратын барша халықтың тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін қорғауға және дамытуға бағытталған түрлі іс-шаралардың өтуіне белсене ат салысты.
20 қыркүйек күні мерекелік іс-шараның ашылу салтанаты болды. Салтанатты іс-шара Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашылды. Жиында сөз алған кафедра меңгерушісі Г.Қ. Ихсангалиева тәуелсіз елдің мемлекеттік тілі мәртебелі де тұрақты болып, өрістеп дамуына үлес қосу-жас жеткіншектердің жауапкершілігінде болатын міндет екендігіне тоқталып, ана тіліміздің мерейлі мерекесімен құттықтады.
Шараны оқытушылар А.Ахмедова, М.Азнабакиева, Т.Курмановалар дайындаған шетелдік студенттердің үш тілдегі әдеби монтажы жалғастырды.
Одан кейін кафедраның оқытушылары сөз алып, бүгінгі жаһандық әлемде Қазақстан тек экономика саласында ғана емес, сонымен бірге ғылым, білім және мәдениет салаларында да лайықты орын алатыны жайлы, тәуелсіздігіміздің тұғырына көтерілген жылдар ішінде елдің бірлігінің артқандығы туралы, елімізде ұлтымыздың ұлы тілімен қатар әлемдік тілдердің де құндылығы жоғары екеніне тоқтала отырып, баяндамаларымен таныстырды.
Оқытушы Е.Р. Игнатова өз сөзінде Елбасының данышпан саясатының арқасында елімізде қоныстанған барлық ұлттардың тілдерін, мәдениетін, сондай-ақ мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру бағытында қол жеткізген айтарлықтай жетістіктерге тоқталып, маңызды іс-шарада белсенділік танытқан топтарды, жеке тұлғаларды атап, тіл мамандарына өз ризашылығын білдірді.
Студенттер Қазақстан Республикасының Тілдер күні мерекесі жөнінде көптеген сұрақтар қойды. Сонымен қатар, бұл іс-шарада шетелдік студенттер аталған мерекеге арнайы ұйымдастырылған шағын қойылымға қатыса отырып, қазақтың және орыстың атақты ақындарының өлеңдерін мәнерлеп оқып, қазақ және орыс тілдерін меңгерген деңгейлерін көрсете білді.
Дәстүр бойынша іс-шара соңында кафедраның мұражайында сақталу үшін әрі тарих үшін жалпы фотосуретке түсті.
«Мәңгілік ел-мәңгілік тіл!» - мемлекеттік тіл мерекесіне арналған ашық тәрбиелік іс-шара мәдени диалог түрінде шетелдік студенттердің өздерінің белсенді қатысуымен жоғары деңгейде өтті, сонымен қатар мәдениетаралық коммуникация студенттерді Қазақстанның тілін, тарихын және мәдениетін құрметтеуге үйретуде өз үлесін қосты деп санауға болады.

 

Саденова А.Е., Ахмедова А.К.
Шетелдіктердің тілдік және
жалпы білім беру дайындығы
кафедрасының оқытушылары
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста