Мейірімді болайықшы бауырлар

Мейірімді болайықшы бауырлар

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» демекші халқымыз қашан да қайырымдылықтан кенде болмаған. Қайырымдылық адам бойына біткен асыл қасиет. Алмағайып тіршілікте түрлі жағдайлар орын алып жатады. Сондайда, әлеуметтік тұрмысы нашар және шұғыл түрде көмек қажет ететін жандар ортамызда жиі кездеседі. Осындай жандарға демеу көрсете білу қайырымдылық қана емес,үлкен адамгершілік. Жыл сайын Республика көлемінде дәстүрлі түрде 10-шы қаңтардан-10-шы ақпан аралығында «Қамқорлық»акциясы өткізіледі.
«Бала-өмірдің гүлі, біздің болашағымыз» деген ұстанымды алға қойған И.Қ. Мандоки атындағы № 154 ЖББ мектепте де игі іс-шаралар өткізу жылдағы дәстүрге айналған. Болашағымызға немқұрайлы қарамайтын бірқатар азаматтар балаларға деген сүйіспеншіліктерін білдіріп аталмыш жоба аясында қолдау көрсетті.Болашағымызға немқұрайлы қарамайтын бірқатар азаматтар балаларға деген сүйіспеншіліктерін білдіріп аталмыш жоба аясында қолдау көрсетті.
«Қайырымдылық ісіңнен көрінеді» дейді қазақ. Республикалық «Қамқорлық» акциясына ата-аналар да ат салысты, атап айтсақ 1 «Ә»сынып ата-анасы Ескендір есімді азамат 20 000 теңге көлемінде 3 оқушыға көмек көрсетті.
Әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларының мұң-мұқтажын ескеріполарға қол ұшын созуда мектеп асханасының арендаторы ИП «Жандос» Жандос Абжаканов мырза да денсаулықтарына байланысты мектеп мейірбикесінің тіркеуінде тұрған 3 оқушыны ыстық тамақпен оқу жылының аяғына дейін қамтамасыз ететінін айтты.
Мектебіміз Мажарстан елшілігімен өте тығыз байланыста. Қазақстандағы Венгер елшілігінің бас консулы Ференц Блауман басқарған елшілік ұжымы да бұл қайырымдылық шарадан тысқары қалған жоқ. «Көптің ниеті-қабыл» деп «Қамқорлық » акциясына Венгер елшілігі 100 000 теңге көлемінде жағдайы төмен 5 оқушыға киім-кешек түрінде өз көмектерін көрсетті.Венгер елшілігі мектебімізде өтетін іс-шаралардың бәріне белсене ат салысады. Түрлі деңгейде әр жыл сайын кездесулер, дөңгелек үстел өткізіп тұрамыз.Екі елдің достық ынтымақтастық қарым-қатынасын, елшіліктің қазақ еліне деген ақ-адал ниеттерін мектеп оқушылары да зор мақтанышпен айтып жүреді.
«Қолы ашықтың -жолы ашық» деп бекер айтылмаса керек. Дүниеде балалардың шат күлкісіне жететін ештеңе жоқ айналамыздағы қоғамда болып жатқан оқиғаларға бей жай қарамай, бәріміз бір кісідей жақсылық жасап, алғысын алайық.Ұрпағымыздың саналы тәрбие мен сапалы білім алуларына толықтай жағдай жасайық. Пейілдерді пенделікпен тарылтпай, мейірімді, қайырымды болайықшы бауырлар!


Ә.Ә Бұхарбаева
№ 154 ЖББМ
Әлеуметтік педагогы

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста