Мектеп оқулықтары планшетке ауыстырылмайды - Министр

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин оқу-ағарту министрлігі мектеп оқулықтарын планшеттерге ауыстыру туралы пікірінен айнып қалғанын айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Вaribar.kz-ке сілтеме жасап.
БАҚ өкілдері министрден оқулықтарды планшетке ауыстыру идеясы туралы сұрады.
- Бізге ұсыныс жасау тапсырылғандықтан, біз оны тұжырымдап, оқулықтың орнына планшет қолдануды ұсындық. Бірақ салалық министрлік – оқу-ағарту министрлігі бұл мәселемен айналысып, қазір инновацияны енгізудің басқа әдісін ұсынып отыр. Олардың әдісі басқа, пікірі бөлек. Біз олардың пікіріне сүйенеміз, – деді министр үкімет отырысында.
Министрдің айтуынша, кластарда интерактивті панельдерді қолдану жоспарланып отыр.
Читайте также

Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре

Фанаты "Барыса" получили негативные известия

GTA VI впервые покажут уже в декабре

Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке

"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу

Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу