Мектеп жөндеуге деп жиналған 114 теңге қайтарылды

Жөндеу жұмыстарына жиналған 114 мың теңге алматылық оқушылардың ата-аналарына қайтарылды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Оrda.kz-ке сілтеме жасап.
Антикор ата-аналардың гимназия әкімшілігіне хабарламай, сыныптарды жөндеуге ақша жинағанын анықтады.
Ата-аналардан жиналған ақша кеңседегі жиһаздарды жаңартып, орындықтарды қалпына келтіруді көздеген, деп хабарлайды Orda.kz. Алматы қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде Алматыдағы № 159 Ы.Алтынсарин атындағы гимназия оқушыларының ата-аналары жөндеуге ақша жинағаны туралы ақпарат жарияланды.
Білім басқармасымен бірлесе жүргізілген егжей-тегжейлі тексеру нәтижесінде мектептің жыл сайын бюджет есебінен жөндеу жұмыстары жүргізілетіні белгілі болды. Биыл бұл мақсаттарға бюджеттен 15 миллион теңге бөлініп, байқау жеңімпазы қызмет көрсетуші мекеме анықталды.
«Комиссия ата-аналармен түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, 114 мың теңге ақша ата-аналарға қайтарылды. Бақылауды әлсіреткені үшін № 159 гимназия директорына қатысты тәртіптік шара қолданылды» деп хабарлады Антикор.
Айтпақшы, тек 2022 жылдың өзінде Антикорға білім беру ұйымдарында заңсыз ақша жинау туралы 40-тан астам өтініш келіп түскен.





