Мектепте оқу қауіпті

Төртінші тоқсанды мектеп оқушылары #онлайн оқумен бастайды. Бұған дайындық аз екені, әсіресе, ауылдық жерлерде мүмкіндік аз екені түсінікті. Бірақ, қазір басқа амал жоқ. Мұндай жаппай төтенше жағдай елімізде бірінші рет болып отыр. Мектепте оқу қауіпті. Сондықтан қаласақ та, қаламасақ та, бізге ұнаса да, ұнамаса да, онлайн оқуға өтуге тура келіп тұр. Бұл түптің-түбінде келетін жолымыз еді, соны төтенше жағдайға орай ертерек бастауға мәжбүрміз. Білім және ғылым министрлігі барынша оңтайлы жолын қарастырып, қызу дайындық жүргізіп жатыр. Проблемалар болады, олар шетінен шешіле жатар. Бірақ, соншама баланы оқытпай, үйде құры ұстап та отыра алмайтынымызды түсіну керек. Сондықтан мейлінше түсіністікпен қарап, мейлінше ақпараттану қажет.
"Бір үйде бес-алты бала болса, оның бәріне компьютерді қайдан тауып береміз, телефонды қайдан аламыз, интернет жоқ болса қайтеміз?.." Бұл мәселелердің барлығын министрлік біледі, мейлінше шешуге тырысады деп ойлаймын. Сондықтан қазірше Білім және ғылым министрлігінің ресми парақшасын мұқият қарап, ақпараттарды қорыту, түсіну маңызды.
Жұлдыз Әбділда





