Мектептерде фактологиялық білім берумен шектелуге болмайды

Мектептерде фактологиялық білім берумен шектелуге болмайды

Бүгін Астанада «Білім беру:» зерттеу және тұрақты даму» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция басталды, деп хабарлайды BNews.kz.
Аталған конференцияны «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ өткізіп жатыр. Оған 500-ден астам білім саласының өкілдері қатысуда. Олардың арасында АҚШ, Ұлыбритания, Испания, Жапония, Корея секілді шет мемлекеттерден жалпы саны 37 халықаралық спикер бар.

«Бұл конференцияда біз мектептегі зерттеу мәселелеріне көңіл бөліп отырмыз. Екішіден, әлемдік көрсеткіштер бойынша біздің ел кейбір пәндерде төмен нәтиже көрсетіп жүр. Неліктен? Ол біздің оқушылардың нашар оқығанынан емес. Бұл жерде балалардың алған білімін пайдалануға қатысты мәселе болып отыр. Негізінен функционалдық сауаттылыққа қатысты. Оны дамыту үшін баланы іс-әрекетке бейімдеу керек. Оқушы бір нәрсені жасау арқылы білім іздеу қажет. Сол кезде оның бойында білім толық қалыптасатын болады. Сондықтан осы конференцияда аталған сұрақтарға жауап іздеп, қандай әдістер қолдану керектігін талқылайтын боламыз», – дейді «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова.

Білім саласында ұзақ жыл қызмет істеп келе жатқан педагогтың пікірінше, ұстаздар оқушыны өзі ізденіп, талпынуға үйретуі керек екен.

«Халық арасында жиі айтылатын Қытайдың бір мақалы бар: «Аш адамға бұзылған балық бергенше, балық ұстауды үйрет» деген. Біз осыны көп айтамыз да, оқу процесіне келгенде ұмытып кетеміз. Көбінесе, балаға дайын ақпарат береміз. Соны түсіндіруге тырысамыз. Бұл дұрыс емес. Негізінен бала сол ақпаратты өзі іздеп, табуға әрекеттенуі керек. Осы жағынан алғанда шетелдік әріптестерімізден үйренетініміз көп. Әлемге танымал университтердің мамандары келіп отыр. Олардың арасында Норвегияның технология және ғылым университетінің педагогика профессоры Мэрит Хонерод Ховейд, Кембридж университетінің білім беру деканы Джефф Хейворд бар», – деп атап өтті К.Шәмшидинова.

Оның айтуынша, теориялық дайын ақпаратпен шектелу – Қазақстандағы мектептердің білім берудегі кемшін тұсы. Сондықтан оқушыларды практикалық тұрғыда тәлім алуға үйрету қажет.

«Фактологиялық, академиялық білім беру жағынан біздің ұстаздардың біліктілігі жоғары. Бізге енді балаларды практикалық жағынан үйрету қажет. Бала әр түрлі жобалар жасап үйренуі тиіс. Мысалы, математикадан есепті шығарудың бір емес, бірнеше жолы бар. Оқушы жан-жақты болу үшін осындай әдіс-тәсілді меңгеруі керек. Жалпы, баланы армандауға үйреткен жөн. Жаңа жобаларға жасауға бейімдеуіміз қажет», – дейді педагог.
 bnews.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста