Мектептің «атамандары» әлі күнге дейін ақша жинайды

Мектептің «атамандары» әлі күнге дейін ақша жинайды

 Осыдан үш жыл бұрын Қарағандыдағы екі оқушының төбелесі дүйім елді бір дүрліктірді. Өз қатарластары қаумалаған қос баланың төбелесі бірінің пышақ көрсетіп, өзгелерінің ду күлуімен тынған бейнежазбада. Тап осы жылы Оңтүстіктегі 11-сынып оқушыларының бір-бірімен жұлысуы да мақтаралдықтардың мазасын қашырды. Дәрістен шығып жұдырықтасуға дейін жеткен қыздардың ғаламтор масқарасын шығарған еді. Осылай ойын түбінен от шығарып, аңдамай қалып атағын шығарып алып жатқандарды жіпке моншақтай тізе беруге болады.

Бүгінде әлімжеттіктің әлегі туралы ешкімнің де жақ ашқысы келмейді. «Аш құлақтан тиыш құлақтың» кері. Әйткенмен, жасыратын несі бар, өзіміз де ақша жинатып, өзінен кейінгіге күш көрсеткен талайларды көргенбіз. Несін айтасыз, амандаспағанның алқымынан алып, жауап қайтарғанның жанын көзіне көрсететіндер бүгінде де жоқ емес. Әсіресе, бұл таяқтан шімірікпейтін, еті қызу боп есейетін ауыл жастарының арасында белең алуда. Ал мамандар болса, балалардың мұндай қатыгездігін компьютерлік ойындарды көп ойнап, агрессиялық мультфильм, кинофильмдерді көп көргендіктің кесірі деп отыр. Дегенмен бұл күні кеше басталған сорақылық емес қой. Қазір мектептер мен арнайы мекемелер балалар арасындағы әлімжеттікті тыю үшін өздігінше әрекет етеді. Ал қиын оқушылармен көбіне аудандық ішкі істер басқармасы байланыс жасап, есепке қойып, олармен инспекторлар жұмыс істейді.

Осы жөнінде бірнеше баламен сөйлесіп көрген едік. Көбісі ондайды бұрын-соңды естімегенін, мектептерінде жоғын жарыса айтып жатты. Өзін Димаш деп таныстырған 7-сынып оқушысы қалаға биыл көшіп келген. «Оқу енді басталды ғой. Қалада ондай жағдайлар көп болмайтын сияқты. Ал ауылда, былтыр бір дәу бала әрқайсысымызға 10 теңгеден алып келіңдер деген. Қорқып жүріп, әрең дегенде ағайға айттық. Сосын сұрамады», − дейді ағынан жарылып. Иә, мына сөздің жаны бар. «Өлімнен ұят күшті» деген сөз бар емес пе? Әлімжеттік көрген бала ұстаздары мен ата-анасына айтуға қорқады. Оның үстіне айтуға батылы жеткен күннің өзінде басы бәлеге қалады, «ашықауыз» деп мазақ қылатыны тағы бар.

«Сабағымыз түсте басталатын болған соң көбінесе балаларымыз сабаққа кешігіп келеді. Үлкен қоңыраудан кейін де кейде кешігеді. Апайлар сұраса, себебін айтпайды. Ал кейін өздері қалғанда жоғарғы сыныптың балалары ақша сұрағанын, осы аптаның аяғына дейін табу керегі айтып отырады», – дейді биыл 9-сыныпқа өткен Жұлдыз.

Бұл жөнінде Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ыбырайым өзінің басынан мұндай оқиғаның өтпегенін айта келе «Бұл, меніңше, мектептің тәртібіне байланысты. Мектептерде елге белгілі азаматтармен кездесулерді жиі өткізіп, балаларға өнегелі әңгіме көбірек айтылуы тиіс. Солай тәртіпсіз балаларға ой салуға болады» деген еді.

Ал енді психологтар әлімжеттік көрсеткен бірнеше баламен тілдесе келе, көбіне күш көрсететін балалардың ата-анасына көңілі толмайтынын анықтаған. Бір сөзбен айтқанда, әке-шешесіне деген ыза-ренішін қалай шығаруды білмегендіктен, көбіне олар өзінен әлсіз адамды ұрып-соға берген екен. Ал енді әлімжеттік көрген жеткіншек бірнеше бұзақыға ұсталып, қалтасындағы барын беруге мәжбүр болады. Үйіне келіп өзін спорттық секцияларға жазуын өтінбек болған балаға әкесі: «Қыз емессің ғой, ондай әңгімелеріңді маған айтпа» деп жекіп тастапты. Осыдан кейін келесі жолы да баланың осылай тып-тыныш үйге оралуы мүмкін бе? Көрдіңіз бе, отбасында түсіністіктің болмауы неге апарып соқтырарын?!

2014 жылы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен балиғатқа толмаған 255 жасөспірімге қатысты барлығы 186 қылмыстық іс қозғалған. Соның 119-ы – мектеп оқушыларының үлесінде. Мамандардың айтуынша, мектептердегі кәмелетке толмағандар арасындағы заңға қайшы әрекеттер негізінен мүліктік (ұрлау, тартып алу) және әлімжеттік сипатта болып келеді екен. Былтыр Шымкент қаласындағы 82 мектепке, қалаға қосылған елдімекендердегі 34 білім ұясына бейнебақылау камерасын орнату үшін жергілікті бюджеттен 28 млн теңге қаржы бөлінген. Сондай-ақ, маман бүгінгі таңда қаладағы барлық мектеп (қосылған ауылдарды қоса есептегенде олардың саны — 125 ) 100 пайызға бейнебақылаумен қамтамасыз етілген еді.

Шынында да, о бастан әр мектептің өз «батырлары» бар. Біреу ақша даулайды, біреу екіншісін бағындырғанына мәз. Ал кейбірі сабақ уақытында сенделуге құмар. Әйтеуір, әлімжеттік пен кәмелеке толмағандар арасындағы қылмыс көрсеткіші жыл санап төмендеп келеді-міс. Әйткенмен көрсеткіш азайды ма, жоқ әлде әлімжеттік туралы айтып, көрсету азайды ма, ол жағы әзірге белгісіздеу...

korrespondent.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста