Менің балаларым мектептегі тәртіпке шағым айтып көрген жоқ – Алтай Көлгінов

ҚР Пермьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгінов өз балаларының мектепте ешқандай қысым сезінбейтінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Петропавлыдағы жағдайдан кейін мектептегі балаларыңыздың қауіпсіздігі үшін алаңдамайсыз ба? Олар мектепте өздерін біреулердің ренжітіп жүргенін айтып шағымданған жоқ па?», - деп сұрады БАҚ өкілі вице-премьерден.
Оның айтуынша, мектептегі қауіпсіздік мәселесі әр қазақстандықты алаңдатуы керек.
«Жоқ, мен балаларымнан ондай шағым алған жоқпын. Мен бәріміз күн сайын бала тәрбиесімен айналысып, мектептегі қауіпсіздігін қамтамасыз етуіміз керек деп ойлаймын», - деді Алтай Көлгінов.
Сондай-ақ, ол қазір бірнеше министрлік пен жергілікті әкімдіктер мектептердегі қауіпсіздік деңгейіне тексеру жүргізіп бастағанын айтты.





