Менің таңдауым...

Менің таңдауым...

Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында шетелдік студенттерге «Мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін таңдаймын» атты ашық тәрбиелік іс-шарасын өткізді. Шараға кафедра оқытушылары мен дүние жүзінен келген, осы кафедрада білім алып жүрген шетелдік студенттер және басқа да Алматы қаласындағы ЖОО-да оқып жүрген шетелдік студенттер қатысты.
Кафедра меңгерушісі Г.Қ. Ихсангалиева әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да білім алудың алдағы уақыттағы болашағы туралы сөз қозғап, ҚазҰУ Қазақстан университеттерінің ішіндегі алдыңғы қатары екенін атап өтті.
Қазіргі уақытта ҚазҰУ ғылыми зерттулермен айналысуға терең белең алды. ҚазҰУ жай ғана білім беретін жоғары оқу орны болып қана қоймайды, ол ғылыми-зерттеу орталығы болады. Студенттер 1 курстан бастап жай білім алып қана қоймай, ғылыми жобаларға, конференцияларға қатысып, өздерінің мақалаларын жариялайтын болады. Ғылым - бұл тек Қазақстанның ғана болашағы емес, сондай-ақ бүкіл әлемнің болашағы. Университетте жоғары білікті оқытушылар, академиктер, профессорлар, доценттер, ғылым докторлары мен кандидаттары жұмыс істейді.
Оқуға түсушілерді дайындайтын топта жұмыс істейтін Д.С.Толмачева және Е.Р. Игнатовалар студенттер өздерінің болашақ мамандықтарын және факультеттерін таңдағандарын айтты. Олар мақсатты түрде Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде арнайы бағдарлама бойынша білім алып жүргендерін жеткізді.
«Елтану» пәнінен сабақ беретін оқытушы Т.В.Курманова өз сөзінде: қазақ және орыс тілдерін оқитын студенттер тестілеуге дайын, олардың білімдері қажетті стандарттарға сәйкес. «Елтану» сабағында осы бағытта үлкен жұмыстар жүргізілуде, - деді.
А.К.Ахмедова ҚазҰУ-дағы тәрбие жұмыстары және студенттің қызық өмірі туралы айтты. Мұнда мәдени түрлі іс-шаралар ұйымдастырылатыны туралы да мәлімдеді.
ҚазҰУ-да жарыстар өткізілетін, керемет түрлі спорттық секциялары бар спорттық кешен бар. Мұнда спортқа да үлкен мән беріледі.
ҚазҰУ-да білім алу үшін және өмір сүру үшін барлық жағдайлар жасалған, жатақхана, кітапхана, студенттік емхана, асхана, Ыстықкөлде демалуға арналған демалыс орны бар.
Студенттер әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға түсудің ережелері туралы көптеген сұрақтар қойды. Оларға оқуға түсу ережелері бар, университеттің барлық факультеттері туралы мәліметтер жазылған буклеттер ұсынылды.
Оқытушылар Ж.А. Нұршайықова, А.Е. Саденова және Л.С.Торохтий студенттердің болашақ білім алуға қатысты сұрақтарына жауап берді, студенттерге университеттің факультеттері туралы мәліметтері бар буклеттерді таратты.

Саденова А.Е., Ахмедова А.К. Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушылары 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста