Мұғалімге тіл тигізген ата-анаға айыппұл салынды

СҚО-да 2-сынып оқушысының анасына баласының сынып жетекішісіне тіл тигізіп, сынып журналын әкетпекші болғаны үшін айыппұл салынды, – деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары.
«Тайыншы аудандық соты ата-анаға қатысты әкімшілік құқықбұзушылық әрекеттерін қарастырып жатыр. Сотта қаралғандай, ол қасындағы өзге кабинеттерде сабақ жүріп жатқанына қарамастан, мұғалімдердің көзінше №1 орта мектептің мұғалімдер бөлмесінде баласының сынып жетекшісіне тіл тигізіп, дауыс көтерген. Соңынан шкафта тұрған сынып журналын мұғалімнің қарсылығына қарамай алып кеткен», – делінді сотта.
Бұзақылық әрекеттерімен мұғалімнің талаптарына құлақ аспай, оны итеріп жіберіп, коридорға қашып кеткен ата-ананы дер кезінде жеткен полицейлер ұстап, сынып журналын алды.
Тайыншы аудандық сотында ол әкімшілік құқық бұзғандықтан айыпты деп танылып, 7 АЕК, яғни, 14 мың 847 теңге көлемінде айыппұл төлеу міндеттелді», – дейді соттың баспасөз қызметі.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
stan.kz





