Назарбаев Университетінің ғалымдары сүйек тінінің регенерациясы бойынша жаңа әдісті ойлап тапты

Назарбаев Университетінің ғалымдары сүйек тінінің регенерациясы бойынша жаңа әдісті ойлап тапты

20 қазан &ndash Дүниежүзілік остеопорозбен күрес күні. Бұл сүйек тінінің тығыздығы мен құрылымы бұзылатын, созылмалы прогрессивті қаңқа ауруы. Қазақстанда остеопорозбен күресетін дәрігерлер қауымдастығының мәліметтері бойынша әрбір 6-шы қазақстандық осы аурудан зардап шегеді. Ауру сүйектердің осалдығына және сыну қаупінің жоғарылауына әкеледі, мүгедектіктің себебі  болып табылады. Жыл сайын әлемде 9 миллионға жуық сыну жағдайлары остеопорозбен байланысты.

 

Назарбаев Университетінің ғалымдары остеопорозбен байланысты  сынықтар болған кезде сүйек тінінің регенерациясы процесін жеделдетуге көмектесетін жасушалық терапияның жаңа әдісін зерттеді. Бұл зерттеудің нәтижелері Bioengineering ғылыми басылымында жарияланды.

 

Сүйек тінінің регенерациясын зерттей отырып, Назарбаев Университетінің ғалымдары остеопороз кезінде сүйек тінінің тығыздығының төмендеуіне себеп болатын екі факторды анықтады. Бірінші фактор &ndash минералды компоненттерді ерітіп, сүйек тініндегі коллагенді бұзатын жасушалардың &ndash остеокласттардың  белсенділігінің артуы. Екінші фактор &ndash сүйек тінін құрайтын және қалпына келтіретін жас жасушалардың &ndash остеобласттардың  санын азайту.

 

Зерттеушілер өз жұмысында ересек адамның сүйек кемігі мен май тінінен ажыратуға болатын мезенхималық бағаналы жасушаларды (МСК) қолданды. МСК, өз кезегінде, сүйек пен шеміршек тіндерінің жасушаларына бөліну қабілетіне ие болады.

 

&ndash Біз МСК-ны остеофильді полимердің көмегімен мембраналық инженерия әдісімен түрлендірдік. Содан кейін жасушаларды сүйек тінінің зақымдалған жеріне тікелей жеткізу үшін оларды жасушалық терапияның жаңа әдісінде қолдандық. Осылайша, остеобласттардың саны қалпына келеді және остеокласттардың белсенділігі төмендейді, &ndash дейді National Laboratory Astana Өмір туралы ғылымдар орталығы Биоинженерия және регенерациялық медицина зертханасының ғылыми қызметкері Юлия Сафарова.

 

4 және 24 аптаның ішінде ғалымдар зертханалық егеуқұйрықтардың төрт тобында шынтақ сүйегінің сынуы кезінде сүйек тінінің қалпына келу әсерін байқады. Эксперименттің мәні қалыпты қалпына келтіру кезінде және әртүрлі уақыт кезеңдерінде полимер-модификацияланған МСК енгізу кезінде сынықтардан кейін сүйек тығыздығының қалпына келуін бақылау болды.

 

&ndash Эксперименттің бірінші айынан кейін бақылау тобымен  салыстырғанда эксперименттік топта сүйек тығыздығы белсенді түрде қалпына келгенін байқадық. Осы терапияның ұзақ мерзімді әсерін бағалау үшін біз эксперименттің тағы 24 аптасынан кейін сүйек тығыздығын талдадық. Бақылау тобымен салыстырғанда полимер-түрлендірілген МСК енгізу соңғы инъекциядан кейін 5 ай бойы емдік әсерін ұстап тұруға мүмкіндік берді, &ndash деп жалғастырады өз сөзін Юлия Сафарова.

 

Зерттеу нәтижесінде ғалымдар полимер-модификацияланған МСК енгізілген жануарларда сүйек тығыздығы тезірек қалпына келгенін анықтады. Мәселен, 4 аптадан кейін сүйек тінінің тығыздығы 27,4% &ndash ға артты. 24 аптадан кейін 21,5% өсті.

 

Айта кету керек, ғалымдар сынықтар кезінде тіндердің қалпына келуін зерттеуді және полимер-модификацияланған МСК-ның емдік құндылығын дәлелдеуді мақсат етті. Енді ғалымдар биоқауіпсіздік бойынша зерттеулер жүргізіп, клиникалық сынақтарды бастауды жоспарлап отыр.

 

nu.edu.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста