Нұр-Сұлтанда айына 1,28 млн. теңге төлеп оқитын мектеп бар

QSI халықаралық мектептің бір айлық ақысы 1,28 млн. теңге тұрады. Онда бар-жоғы 312 оқушы оқиды. Білім ордасының құрылтайшысы – Quality schools international.
©weproject.media
Ол – Еуропа, Азия, Африка, Таяу Шығыс және Американың бірқатар елдерінде ағылшын тілін оқытатын коммерциялық емес халықаралық мектептер тобы. Алғашқы мектебі 1971 жылы құрылған екен. Ұйымның дүниежүзілік штаб-пәтері Мальтада орналасқан. Еліміздегі филиалы 2005 жылы ашылған.
©haileybury.kz
Ал екінші орында Болат Өтемұратовтың «Асыл мирас» қайырымдылық қоры мен ҚР Тұңғыш Президент қоры құрған – Haileybury astana мектебі. 505 бала оқитын мектептің айлық төлемі – 1,04 миллион теңге. Мектептің негізі Ұлыбританияда құрылған. Қазір білім мекемесі Imperial колледжімен серіктес. Сондықтан мұндағы оқушылар 11-сыныпты аяқтағаннан кейін іштегі емтиханды тапсырса, IGCSE – орта білім алғаны жөнінде халықаралық сертификатқа ие болады. 13-сыныпты аяқтап, емтиханнан өтсе, халықаралық деңгейдегі A-деңгейлік сертификат алады (Advanced Level General Certificate of Education).
©spectrum.edu.kz
Үшінші орын – Spectrum халықаралық мектепке тиесілі. Оның бағасы – 654 мың теңге. Онда оқитын балалар саны – 427. Мектептің құрылтайшысы «Білім орда» атты халықаралық қоғамдық қоры екен.
©pandaland.kz
Нұрсұлтан Назарбаевтың білім қорының қолдауымен құрылған білім ордасында 310 оқушы бар. «Мирас» халықаралық мектебінің айлық төлемі – 435 мың теңге. Сондай-ақ, «Білім орда» халықаралық қоғамдық қорының «Нұр-Орда» лицей-мектебі бар. 907 оқушысы бар мектептің айлық төлемі – 278 мың теңге.
©2gis.kz
Алтыншы әрі соңғы орын – Татьяна мен Валерий Ильященко негізін салған «Экономикалық лицей». Оның айлық ақысы – 100 мың теңге. Оқушысы мыңнан асады екен.





