Облыстық олимпиада өз мәресіне жетті (фото)

Облыстық олимпиада өз мәресіне жетті (фото)

 Ел ертеңі бүгіннен басталатынын терең түсінген дана халқымыз ежелден «Бала – өмір жалғасы» деп біліп, бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Егеменді еліміздің тірегі – білімді, тәрбиелі ұрпақ. Болашақта еліміздің мәртебесін көкке көтеріп, экономикасын дамытатын, барша әлемге Қазақстанды паш ететін бүгінгі білімді жас ұрпақ үшін елімізде ұйымдастырылатын білім сайыстарының маңызы зор. Өскелең ұрпақты ынталандырып, жыл сайын білім жарысын ұйымдастырып, білімді жастарға демеушілік танытып жүрген Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қоры биыл да жылдағы дәстүрден жаңылған жоқ.

Сәуірдің 10-12 жұлдызы аралығында С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті базасында 9-11 сынып оқушылары арасында химия және биология пәндерінен Жәкула Күшікұлы атындағы облыстық олимпиада өтті. Олимпиадаға облыстық білім беру ұйымдарынан аудандық, қалалық кезеңдерінен өткен 200-дей 9-11 сынып оқушылары қатысты.


Бұл білім жарысы осы Шығыс өңіріне кеңінен танымал білімді, өз ісінің шебері, білікті дәрігер Жәкула Күшікұлының құрметіне жыл сайын ұйымдастырылады. Естеріңізде болса, осыдан бір ай бұрын аудандық олимпиада ШҚО Тарбағатай ауданы, Қызыл кесік ауылы, «Би Боранбай атындағы орта мектебінде  өткізілген еді. Енді міне, облыстық жарыстың да кезеңі келді. 

Жәкула Күшікұлы 1881-1885 жылдары Омбы фельдшерлік мектебінде медициналық білім алып, кейіннен әскери дәрігер, губерния хатшысы қызметін атқарған. Ол 1909-1920 жылдары Семей облыстық округінде басшылық қызмет істеді. Осынау тұлғаның құрметіне немересі, белгілі меценат Асқар Жакулин мырза  2012 жылдан бері Шығыс Қазақсан облысында химия және биология пәндерінен олимпиада өткізуді қолға алған еді. Кейіннен Асқар мырза дүние салғаннан кейін оның игі ісін Асқар Жакулин атындағы қор жалғастырып келеді. 

Қазіргі біліммен бәсекелесетін заманда мұндай жарыстар өскелең ұрпаққа керек. Олимпиаданың мақсаты да сол – оқушылардың химия және биология пәндеріне деген қызығушылықтарын арттырып, ғылыми дүниетанымдарын кеңейту, дарынды балаларды анықтап, оларға қолдау көрсету, кәсіби бағыт-бағдар беру.


Олимпиаданың облыстық кезеңі екі айналымнан тұрады, бірінші айналымда жарысқа қатысушылар теориялық тестілеуден өтті, екінші айналымда практикалық тапсырмаларды орындады. Жарыс өте тартысты өтті. Олимпиада жүлдегерлері мен жеңімпаздары I,II, III дәрежелі дипломдармен марапатталып, оларға естелік сыйлықтар табыс етілді. Бірінші орын иегерлеріне 18 ноутбук, екінші орын иегерлеріне 24 Xiaomi смартфондары, үшінші орын алғандарға да 48 Xiaomi телефондары сыйға берілді.

Жүзден жүйрік шыққан оқушыларды білім сайысына арнайы шақырылған құрметті қонақтар марапаттады. Жүлделі бірінші орынды ШҚО білім басқармасынан келген қонақпен бірге Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, Түркітану және Алтайтану орталығының бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы Бахыт Еженханұлы салтанатты түрде тапсырды. Екінші орынды Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қорының қамқоршысы, «Компания Ас- Ай» ЖШС сервис бөлімінің бастығы Мукаметали Әлнұр және ШҚО өңірлік ғылыми-практикалық "Дарын" орталығы директорының міндетін атқарушы Рақымжанова Гаухар табыс етті. Үшінші орынды «Промтехмонтаж» ЖШС басшысы, «Ас- Ай» компаниясының тұрақты клиенті Сақалбаев Абылдабек Жанымханұлы мен Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қордың директоры Сейдолла Гүлнар табыстады. Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қордың кеңсе менеджері Мұхамадиева Назым Әкімбекқызы ұйымдастыру жұмыстарына атсалысты.

Алаш айнасы

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста