ОҚО мектептерінде имандылық бұрыштары ашылуда

Шымкенттегі Әл-Біләл мешітінің ұйытқы болуымен Саттар Ерубаев атындағы №24 мектепте рухани-имандылық бұрышы ашылды, деп хабарлайды ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.
Өскелең ұрпақтың тәрбиесіне бағытталған шараға қатысқан облыстық ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы мешіт пен мектептің бірлесіп, маңызды бастаманы қолға алғанын атап өтті.
«Осындай бұрыштар оқушылардың дұрыс жол таңдауына ықпал етеді. Мұнда ҚР Мәдениет және спорт министірлігі Дін істері комитеті мен Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының сараптауынан өткен кітаптар мен кітапшалар және облыс басшылығының қолдауымен имандылық тақырыбында түсірілген телебағдарламалардың топтамалары қойылған», – деді басқарма басшысы Берік Құрманғали. Әл-Біләл мешітінің имамы Тимур Аманқұлов игі бастаманың маңыздылығына тоқталып, рухани-имандылық бұрышының ашылуына ұйытқы болған мектеп ұжымы мен облыстық ішкі саясат және дін істері басқармасына алғысын білдірді.
baq.kz





