Оқушы тоғызқұмалақтың электрондық бағдарламасын жасады

Оқушы тоғызқұмалақтың электрондық бағдарламасын жасады

Қызылордалық өрен Бағлан Төлебай қазақтың төл ойыны – тоғызқұмалақтың электрондық бағдарламасын жасады. Ол жуырда Қызылорда облысы әкімдігінің «Сыр үміті» сыйлығының иегері атанды. Қазір ол облыс орталығындағы №4 дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының 11сыныбында оқиды. Жас өрен алдағы уақытта да осындай ұлттық жобаларды қолға алуды көздеп отыр. Ол үшін алдымен компьютерлік технологияларды жан-жақты меңгеріп алғанды дұрыс көріп отыр. Оның тоғызқұмалақтың электрондық бағдарламасын жасауға төмендегі жағдайлар себепкер болды. Өткен жылы тамыз мәслихатының көрмесінде Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Бағланның қолынан шыққан «Шахмат үйрену» әліппесімен танысты. Содан кейін одан «Тоғызқұмалақ ойынын жасай аласың ба?» деп сұраған еді. "Бұл маған берілген тапсырмадай болды. Сол кезде мен «жасап беремін» деп уәде бердім. Киіз үй сияқты ұлттық элементтерді қосу үшін мықты компьютер керек болды. Бірақ 3DS MAX бағдарламасын біз қолданып жүрген кеңсе компьютерлері көтере алмайтын еді" дейді Бағлан ағынан жарылып.
Арада көп уақыт өтпей сәтін салып Бағлан «Самғау» сыйлығын жеңіп алды. Одан түскен қаржыға ата-анасы қаржы қосып қаладағы ең мықты деген жүйелік блокты (процессор) сатып алып берді. Сол арқылы тоғызқұмалақтың электрондық бағдарламасын жасады. Осы бағдарламамен халықаралық "INFOMATRIX ASIA & PASIFIC" ғылыми жобасына тіркеліп, күміс медаль иегері атанды. Бұл үлкен халықаралық жарысқа Азия және Тынық мұхит аймағынан 25 мемлекет қатысып (Гонконг, Филиппин, Қытай, Ирак, Сомали т.б. ), ол сайыста 220 оқушы бақ сынаған болатын. Бағлан биыл 25 мамырда облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың қабылдауында болып, тоғызқұмалақ ойынының электрондық бағдарламасымен таныстырды. Облыс басшысы ағалық алғысын арнап, алдағы жобаларына сәттілік тіледі.
Жас өнертапқыш аталмыш бағдарламаны патенттеп алуға көңіл бөліп отыр. Ол жайында Бағлан "Бұл жағынан әлі ізденіп жатырмын. Облыс әкімі кездескен кезде облыстық білім басқармасы басшысына аталмыш жобаны патенттеуді тапсырды.. Сол жүзеге асқан уақытта жаңа бағдарлама арқылы кез-келген адам әлемнің қай түкпірінде отырса да, ойынның ережесі мен тарихын өз бетінше танысып, үйрене алады. Яғни, бағдарламаны ғаламторға жүктеп, сол арқылы дүниежүзіне ұлттық ойынымызды меңгереді. Мысалы, шри-ланкалықтар интеллектуалды олинда калия деген ұлттық ойынын интернет арқылы жедел дамытып жатыр. Ал тоғызқұмалақ әлемдегі интеллектуалдық ойындардың ішіндегі озығы, тіпті төресі деуге болады. Сондықтан бізге де электронды ойынын қазірден де жетілдіру керек деп есептеймін. Мен жасағаным әзірге үйрету бағдарламасы, болашақта ойынын жасауға да кірісемін" дейді.
Қызылордалық жас өнертапқыш алдағы уақытта көптеген жобаларды қолға алсам деп ниеттенеді. Атап айтқанда, олардың қатарында қазақтың аңыз-ертегілері мен батырлар жырының желісімен мультфильмдер жасауды дұрыс көреді. Қазір сол туралы жан-жақты ізденіп жатыр. Еуропа елдерінде болатын ғылыми жобаларға қатысу жоспарда бар. Сондай-ақ, Абайдың «Ескендір» поэмасын анимациялық мультфильмге айналдырғысы келеді. Поэмада ақын Аристотельге Ескендірді бағындырып, жауыздықты әділетке жеңгізеді. Өнертапқыш өрен соны көрсеткісі келеді.
– Мультфильмдер – ертеңгі ел басқаратын, елімізді алға апаратын жас ұрпақты тәрбиелеуші негізгі құрал, – дейді Бағлан өз пікірімен бөлісіп., – Жас балалар батылдықты, елжандылықты, адалдықты, ерлікті, тапқырлықты бәрін, бәрін кішкене күннен бастап өздерінің жүрегіне жол тартып, санасында өркен жаятын мульфильмдерден іздейді. Мультфильмдердегі кейіпкерлерге ұқсап баққысы келетін балалар өмірдегі адалдық пен ерлікке құштар болады. Мен де бала күнімнен бастап осындай мультфильмдер көріп, арманым мен қиялымды сол арқылы дамытып келдім. Өкінішке қарай, кішкентайымыздан "Өрмекші адам", "Супермен" сияқты кейіпкерлерге еліктеп өстік. Қазіргі күні ол туындылардың терең мағынасы жоқ, тек анимациялық тұрғыда шебер жасалғанын түсіне бастадым. Енді менен кейінгілер өзгенің дүниесіне телмірмесе деймін. Кішкентай кезімде мультфильмді көріп болған соң, қолыма қайшы, қағаз алып сол мультфильмдегі кейіпкерлерді қолдан жасап, бөлме есігін жауып алып, қағаздағы «батырларды» бір-бірімен шайқастырып рахаттанып ойын қызығына бататынмын. Әкем болса есіктен сығалайды да менің ойынымды бұзбай, жаймен жауап қоятын. Бірде әкем үйге бір қорап көтеріп келді. «Мына компьютерді сен үшін сатып алдым, балам. Тек жапон ғана емес Қазақ мультфильмі арқылы қиялыңды дамытып, болашақта Қазақ мультипликациясын бүкіл әлемге танытатын атақты аниматор бол» деді. Менің болашаққа деген арман, мақсатым осылай қалыптасты.
Бағлан Төлебай қазіргі таңда компьютерлік шеберлігін шыңдауда. Ол 7 сыныптан бастап бүкіл 3d графика әлемін жасаудың кілті болып табылатын 3DS MAX бағдарламасын өз бетімше үйрене бастады. Сол арқылы 2012 жылы 9 сыныпта облыстық олимпиадада 3DS MAX бағдарламасында анимация құру тақырыбында (бағыты экономикалық және әлеуметтік процестерді математикалық модельдеу) жеңімпаз атанса, сол жылы Павлодар қаласында өткен республикалық жарыста 2-ші орынды жеңіп алды. Одан соң «Шахмат үйренудің» қысқа анимациялық бейнеролигін жасады. Осы арқылы 2013 жылы 3DS MAX бағдарламасында шахмат ойынын анимациялауда Қызылорда қаласының «Самғау» жастар сыйлығының иегері атанды.
Бүгінде біздің елде қазақы құндылықты дәріптейтін «Сақ Жебе» студиясының «Қошқар мен Теке», одан басқа да Алдар көсе жайлы мультфильмдер шығарылуда. Олар сапалы, бірақ олар ескі технологиямен жұмыс істейді. "Ал Краус Артур «Алдар көсесі» «ауырдың үстімен», «жеңілдің астымен» жүріп жасаған. Кейіпкерлерінің жүріс-тұрысы ебедейсіз, бет-жүзінде эмоция жоқ. Былайша айтқанда, көп күш жұмсамай шығара салғаны көрінеді. Оның үстіне, Алдар көсені алаяқ сияқты көрсетіп жіберген. Әрине, біткен іске сыншы көп болатыны белгілі ғой. Бірақ мұның бәрі аздық етеді" дейді жас өнертапқыш.
Оның айтуынша, біздің еліміз ұлттық құндылықтарды сақтаймын десе Америка, Ресей, Жапония секілді елдермен теңесетіндей мультфильм индустриясын дамытуы керек. Қазір соған іштей әзірленіп жүр. Ол үшін 3DS MAX бағдарламасын меңгеруге қажетті физика, математика пәндерін терең меңгеруі керек. 3DS MAX бағдарламасымен жұмыс істеп жатқан оқушылармен, мамандармен танысып, араласып тәжірибе жинақтауға әрекеттеніп келеді. Сонымен қатар, қазақ әдебиетіндегі көркем шығармаларды көп оқып, бойыма ұлттық құндылықтарды сіңіргісі келеді. Өкініштісі, әзірге Сыр өңірінде 3DS MAX бағдарламасын үйрететін бір де бір үйірмелер жоқ. Қазіргі күні Бағлан №4 дарынды балаларға арналған мектеп-интернат ғимаратының виртуалды нұсқасын жасауда. «Білім берудегі физикалық обьектілерді үш өлшемді имитациялық моделдеу (астрономия физика кабинетінің мысалында)» тақырыбындағы жаңа жоба дайындауда.  

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста