Оқушылар Telegram-да онлайн кітапхана ашты

Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Telegram-да мектеп оқулықтарының онлайн-кітапханасын ашты.
Жаңа жобаның авторлары &ndash 9-сынып оқушылары Елнар Камел мен Сағиден Көшалиев.
Идея авторларының пікірінше, «NisBooksBot» сервисіне математика, биология, физика, химия, информатика, география, Қазақстан тарихы және дүниежүзі тарихы пәндері бойынша Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7&ndash12 сыныптарына арналған оқулықтары, сондай-ақ халықаралық IELTS және SAT емтихандарына дайындық тестері жүктелген. Мұндағы кітаптар жалпы білім беретін мектептердің оқушыларына да пайдалы оқу құралы болмақ.
 
«NisBooksBot» сервисінде кітапты оңай жүктеуге, телефонда да, компьютерде де сақтауға болады. Алдағы уақытта кітаптарды оқу тоқсандарына бөліп жүктегіміз келеді. Сонда оны телефонға жүктеп алу бұдан да тезірек болады», &ndash дейді оқушылар.
aikyn.kz





