Оқушыларды балтамен жарақаттаған бала онлайн ойын тапсырмасын орындаған

Солтүстік Қазақстан облысында оқушыларды пышақ және балтамен жарақаттаған мектеп оқушысы желіде тапсырма орындаған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұ туралы Нalyq-uni.kz тілшісі Петропавлск.news-ке сілтеме жасап жазды.
«Расталмаған мәліметтерге сәйкес, шабуыл жасаған тоғызыншы сынып оқушысы төрт ағашты кесуді талап ететін онлайн ойын тапсырмасын орындаған. Алайда ағаштардың орнына бейкүнә мектеп оқушылары нысанаға айналған. Білім басқармасының хабарлауынша, зардап шеккендер облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Үшінші балаға оқиға орнында медициналық көмек көрсетілді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы ата-аналардың өтіншімен ауруханаға жатқызылған балалардың жағдайы туралы толық ақпарат бермеді. Біз тек балалардың аман қалғаны үміттендіреді», – делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін Петропавлдағы №4 орта мектепте қаруланған 9-сынып оқушысының 3 балаға шабуыл жасағаны туралы мәлімет берілген еді.
Содан кейін Оқу-ағарту министрлігі еліміздегі барлық мектептің қауіпсіздігі тексерілетінін хабарлады.





