Оқушыларды маймылға теңеген ұстаз қатаң сөгіспен құтылды

Оқушыларды маймылға теңеген ұстаз қатаң сөгіспен құтылды

Шахтинск қаласында оқушыларды «топас маймылға» теңеген ұстаз қатаң сөгіспен құтылды. Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, әрі оқу- тәрбие ісінің меңгерушісін мектеп директоры қызғыштай қорғаштап отыр. Келеңсіздік ұстаз бен 8- сынып оқушылары арасында болған.

 

21 жыл сабақ берген мұғалімнің мына тіркестері әлеуметтік желіде желдей есіп тұр. Мектеп директорының оқу- тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, әрі орыс тілі мен әдебиеті пәнінің тәжірбиелі мұғалімі. Ал, таспаға оқушылардың бірі жазып алған.

 

Николай ОНСОВИЧ, ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

 

– Мектеп директорының орынбасары оқушыларды карантин ережесін бұзғандары үшін балағаттаған. Ол өз кінәсін мойындап, балалар мен ата- аналардан кешірім сұрайтын болды. Осыны ескеріп, әдеп жөніндегі кеңес: педагогқа қатаң сөгіс жарияланды.

 

Әдеп кеңесі, басы дауға қалған ұстаз педагог этикасын тағы бір рет бұзса жұмыстан қуылатынын ескерткен. Нөмірі 6-ыншы мектептің директоры болса, орынбасарын ақтап әлек.

 

Любовь ВЕЛИЧКИНА, ШАХТИНСК қ. №6 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ:

 

 – Қыркүйектің алтысы күні ата- аналардың бірі жанына антиваксерлерді ертіп алып баласын қашықтан оқытуды талап етті. Бетперде киюге қарсы шығып мектеп әкімшілігіне келіп шу шығарып кетті. Үлкендердің осы үгіттеуі салдарынан балалардың кейбірі бетперде тақпай жүр. Менің орынбасарым оларды карантин ережесін сақтауға шақырып бірнеше ескерту жасаған. Ақыры өзін ұстай алмай қалды. Әрине педагог этикасын бұзғаны дұрыс емес. Алайда кикілжіңге осы жағдай түрткі болды.

 

Құқықтық еңбек инспекторлары педагогтардың психикасын сонау жоғары оқу орындарының қабырғасында-ақ тексеруге кеңес береді. Өтйкені мектептегі тәрбие жүйкесі жұқаларға лайық жұмыс емес,- дейді.

 

Александр АЛИМПИЕВ, БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҒЫ ҰЙЫМЫНЫҢ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ҚҰҚЫҚТЫҚ ЕҢБЕК ИНСПЕКТОРЫ:

 

– Құқық қорғау органдарында қызметкерлерді психолог, психиатрлардың медициналық тексеруінен өткізеді. Сол сияқты педагогтарды да оқу орнына түсерде, оқып жүргенде тексеру қажет. Оқушы не істесе де оны қорлауға болмайды. Тіпті сотталғандарды да балағаттауға тыйым салынған.

 

Мектеп ұжымы ертең оқушылар мен ата-аналардың басын қоспақшы. Ол жиынға сөгіс алған мектеп директорының орынбасарын шақыруды жоспарлап отыр. 

 

 

 

astanatv.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста