Оқушылардың күзгі демалысы қашан басталады?

Оқушылардың күзгі демалысы қашан басталады?

Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова оқушылардың күзгі демалысы туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

"Оқушылардың күзгі каникул уақыты да жақындап қалды. Қазіргі кезде барлық мектепте жиынтық бағалау жұмысы жүргізіліп жатыр. Келесі аптада барлық негізгі пәндер бойынша тоқсандық жиынтық бағалар қойылады. Кейін оқушылар демалысқа шығады. 1-7 қараша аралығында күзгі демалыс болады", - деді Каринова орталық коммуникациялар қызметінде онлайн брифингте.

Оның айтуынша, мектеп оқушылардың басым бөлігі екі ауысымда оқып жатыр. Бірақ үш ауысыммен (2 процент) оқитын балалар да бар.

"Бүгінде оқушылардың 86,4 проценті барлық санитарлық талапты сақтай отырып, штаттық режимде оқып жатыр. Аралас форматта - 11,6 проценті, сондай-ақ, ата-аналардың өтініштері негізінде 0,6 проценті қашықтан білім алуда", - деп атап көрсетті Каринова.

Осы орайда вице-министр сабақты онлайн форматта өткізу тәртібін түсіндірді. Егер сыныпта оқушы көп болса, онда сабақты қашықтан ұйымдастыруға рұқсат бар. Әрбір мектеп өзі шешім қабылдайды.

Stan.kz.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста