«Өркен» балабақшасындағы мереке

«Өркен» балабақшасындағы мереке

Тәуелсіздік күні қарсаңында қаладағы «Өркен» балабақшасында «Тәуелсіздік тұғырым» атты ертеңгілік өтті. Балалардың патриотық сезімін оятатын, ел бірлігі мен тәуелсіздігін дәріптеуді мақсат еткен шараға балабақша әкімшілігі мен ата-аналар қатысты.
Алдымен ортаға шыққан «Аққу» тобының балапандары мерекелік шараны еліміздің әнұранымен ашты. Топ тәрбиешілері Мадина Құралбекова мен Айгүл Жасарованың балаларды біркелкі етіп киіндіргені көпшілікті қуантты. Еліміздің туы түстес бірыңғай форманың өзі балапандардың бойындағы тазалығын, өздеріне деген сенімділігін білдіріп тұрғандай.


Шеттерінен өнерлі балалар әннен шашу шашып, отан, ел мен жер туралы өлеңдерін оқыды. Әсіресе, Қыстаубаева Айару Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» өлеңін нақышына келтіріп орындады. «Астана әні», «Сәлем, Қазақстан!», «Сәлем бердік досым-ау» әндері мен мың бұралған қыздардың мерекелік билері өте жоғары деңгейде дайындалғанын көрсетті.
Басқа мерекелерді айтпағанда, еліміз үшін қасиетті саналатын Тәуелсіздік тойына ерекше дайындалған балапандар күні ертең патриот болып өсетіндері сөзсіз.


Топ тәрбиешісі Мадина Шырымбекқызы «Балалар кішкентай болса да, ел, жер, отан туралы ұғымдарды жастайынан бойларына сіңіру керек» десе, Айгүл Қажбекқызы олардың Астана, Қазақстан туралы барлық сұрақтарға жауап бергендеріне ерекше сүйсінді.
Кеш соңында өткен «Алтын күз» байқауында белсенділік танытқан бір топ ата-анаға балабақша басшысы атынан мақтау қағаздары тапсырылды.
Гүлмира ШАРХАНҚЫЗЫ
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста