Өскеменде су спортының 6 түрі бойынша балалар-жасөспірімдер мектебі ашылды

Өскеменде су спортының 6 түрі бойынша балалар-жасөспірімдер мектебі ашылды

Өскеменнің Орталық бассейнінде балалар мен жасөспірімдерді су спортының 6 түрінен жаттықтыратын «Шығыс Қазақстан облыстық су спорты түрлері бойынша кешенді балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің» салтанатты ашылуы болып өтті, деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық орталығы.
Жаңадан ашылған мектепте жасөспірімдер су спортының байдарка және каноэда есу, есу слаломы, жүзу, су добы, ырғақпен жүзу, суға секіру түрлері бойынша жаттығатын болады. Спорты мектебінде 19 жаттықтырушы жұмыс істейді. БЖСМ-і жалпы білім беру мектеп оқушыларынан құралған. Алғашқы дайындық тобына енгізілетін балалардың және жасөспірімдердің жас ерекшелігі – әр спорт түрінен жеке белгіленеді. Жұмыс жоспарына – оқушыларды жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен айналысуға, жастар мен жасөспірімдер, балалар арасында дене шынықтыру-сауықтыру және тәрбие жұмыстарын жүзеге асыру енеді. Спорт мектебінде жүйелі сабақ өткізу арқылы спортқа қабілетті балалар мен жасөспірімдерді анықтап, олимпиадалық резервтерді даярлау орталықтарына, спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттарына тарту жоспарланған.
Спорт мектебінің ашылу салтанатында Өскемен қаласының су спортының дарынды саңлақтары аталған су спортының 6 түрінен өнерлерін ортаға салды. Оларды жоғары деңгейде жаттықтыру мақсатында мектепке Республиканың әр аймағынан білікті жаттықтырушылар тартылып отыр.
– Біз мұнда жас дарындардың спорттық шеберлігін шыңдауға келдік. Қаланың Орталық бассейні халықаралық стандарттарға толығымен сәйкес келеді. Демек, болашақ чемпиондарды даярлауға толық мүмкіндік бар, – дейді Теміртау қаласынан келген синхронды жүзу бойынша жаттықтырушы Каштанова Марина.
baq.kz
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста