Өткенді білмей болашақты болжау мүмкін емес!
Тарих өшпес мұра ол біздің жарқын болашағымыздың кепілі. Сол мақсатта Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Филология және әлем тілдері факультетінің ұйымдастыруымен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың “Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар” бағдарламасы аясында ақпан айының 23-жұлдызы күні ұлы ақын, жыршы Жамбыл Жабаевтың туған күні қарсаңында профессор-оқытушылар, докторанттар мен магистранттар ат салысқан рухани саяхат өткізілді.
Аталмыш іс-шараға шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының да оқытушылары қатысты. Оқытушылар қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғалары Сүйінбай Аронұлы және оның шәкірті Жамбыл Жабаев атындағы мұражайларды аралап қана қоймай, тарихымыздың алтын діңгектері жайлы құнды ақпаратқа ие болып қайтты.
Сүйінбай Аронұлы өз заманыныда айтыста жеңіліс көрмеген ақындардың бірегейі, ол өз өлеңдерінде халықтың мұң-мұқтажын және әлеуметтік мәселелерді көп көтерген.
Ал Жамбыл aқын “Менің пірім – Сүйінбай, сөз сөйлемен сыйынбай” деп оны ұстаз тұтқан одан бата алған.
Жамбыл Жабаев – ұлы ақын, жырау, жыршы. Қазіргі Жамбыл облысы Жамбыл тауының етегінде 1846 жылы 28 ақпанда Жапа деген елге қадірлі адамның отбасында дүниеге келген. Жастайынан ән мен жырға әуес болған.
Жамбыл айтыста Сарбас, Досмағамбет, Құлмамбет сияқты бірсыпыра ақындарды жеңген. Оның ақындық суырыпсалмалық өнеріне қоса, жыр –дастандарды жатқа айтатын ерекше қабілеті болған.Ол өмірінің 85 бес жылын ән мен жырға арнаған ерекше тұлға.
Ал, Ұлы Отан соғысы жылдарында майдандағы жауынгерлердің рухын көтеріп, патриоттық рухта жазылған толғаулары үшін КСРО Халық Комиссарлар кеңесінің шешімі боыйнша Мемлекеттік сыйлыққа ие болған.
Ақынның үздік шығармалары қырықтан астам шет тілдеріне аударылған.
Біз осы тарихи әрі рухани саяхат барысында осындай құнды мәліметтерге ие болдық. «Тарихты білмей өткенді, қазіргі жағдайды білу, болашақты болжау қиын» деген екен шығыс ғұламасы Әл-Фараби. Сондықтан да ұлы даламыздың тарихи мұрасымен танысуға ат салысайық.
Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасы
Төреханова Рауана, Нұрғалиева Үміт