Педагогикалық идеялар фестивалі

Педагогикалық идеялар фестивалі

Жуырда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының 30 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Инновациялық педагогика: миссиясы, ресурстары, технологиялары» атты Республикалық педагогикалық идеялар фестивалі өтті.
Шетелдік студенттерге тіл үйретіп, білім беру үшін оқытушы алдымен оқу үдерісінің дұрыс жүргізілуін жетік меңгеруі керек. Бұл тұста педагогикалық қабілеттілік пен ұстаздық өрелік қажет. Мұндай кәсібилікке бірден бір себеп болатын орта - кафедра. Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының білім әлемінде желкен кергеніне де биыл 30 жылдың жүзі болыпты.
Осы уақытқа дейін кафедраның ғылыми базасы дамып, қасиетті қарашаңырақ аясында көптеген жас мамандарының топшысын қатайтып, қияға самғатты. Бұл педагогикалық идеялар фестивалі 30 жылдағы кафедра жұмысының нәтижесін көпшілікке кеңінен таныстыруға зор мүмкіндік берді.
Мазмұнды шараға Қазақстан Республикасының Алматы қаласы, Тараз қаласы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Солтүстік Қазақстан облыстарындағы университеттерінен білікті де білгір мамандар қатысты.
Республикалық педагогикалық идеялар фестивалін салтанатты түрде ашқан жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің деканы Жаппасов Жарылқасын Еркінұлы келген қонақтар мен ұстаздар қауымын құттықтап: «Құрметті, барша жиылған қауым. Бүгін біздің кафедрамыз 30 жылды артқа тастап отыр. 30 жыл біз үшін аз уақыт емес. Десек те атқарылған және атқарылмақ жұмыстар баршылық», - деп келген меймандарға сәттілік тіледі.
«Бұл кафедра шетелдік жастарды тәрбиелеуде өте жоғары маңызға ие. Шетелдік азаматтарды қалай оқыту керек, студент бойына қандай қасиеттерді сіңіріп, нені үйретуді басты назарға ұстаған жөн деген сияқты тәрбие сауалдарына жауап беретін бірден бір орта. Осы 30 жыл ғұмырында педагогика саласында білікті мамандар даярлап, республикалық, әлемдік деңгейде ғалымдар қалыптастырды. Бұл кафедра тәрбие саласына аса мән беруімен құнды”, – деп пікір білдірген шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Ихсанғалиева Гүлнара Қуанышқызы аталмыш кафедраның педагогика саласындағы зор еңбектерін ерекше мақтанышпен айтты.
Республикалық педагогикалық идеялар фестивалі көптеген ауқымды тақырыптарды қамтыды. Бұл фестивальде «Мәдениетаралық қарым-қатынас мәнмәтінінде тілдерді оқытудың болашағы және өзекті мәселелері» және «Оқытудың сапасын көтеру жолдары» деп аталатын секциялар бойынша барлық фестивальға қатысушылар рет-ретімен түрлі тақырыптарда өз баяндамаларын оқыды, әртүрлі тың тақырыптар тыңдалды. Баяндамашылар баяндама барысында туындаған сұрақтарға жауап беріп, қызу талқылауға қатысты. Педагогтар жиын барысында өз тәжірибелерімен бөлісіп, мастер-класс көрсетіп, ой-пікір алмасты.

 

Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім
беру дайындығы кафедрасының доценттері
Л.С. Торохтий, А.Е. Саденова

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста