Педагогикалық идеялардың бүгіні мен болашағы

Педагогикалық идеялардың бүгіні мен болашағы

Жуырда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының ұйымдастыруымен «Шетелдік студенттерді тілдік оқытудың мәселелері мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция өтті.
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция көптеген ауқымды тақырыптарды қамтыды. Бұл конференция «Қазақ және орыс тілдерін шет тілі ретінде оқыту әдістемесіндегі дәстүрлі және инновациялық технологиялар», «Мәдениетаралық қарым-қатынас мәнмәтінінде тілдерді оқытудың болашағы және өзекті мәселелері» және «Оқытудың сапасын көтеру жолдары» деп аталатын секциялар бойынша жұмыс жасады.
Конференцияға Қазақстан, Украина, Белорусия, Қытай, Ресей, Армения университеттерінен білікті де білгір мамандар қатысты.
Шетелдік студенттерге тіл үйретіп, білім беру үшін оқытушы алдымен оқу үдерісінің дұрыс жүргізілуін жетік меңгеруі керек. Бұл тұста педагогикалық қабілеттілік пен ұстаздық өрелік қажет. Мұндай кәсібилікке бірден бір себеп болатын орта – кафедра. Отыз жылдан астам уақыттан бері Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының ғылыми базасы дамып, қасиетті қарашаңырақ аясында көптеген жас мамандарының топшысын қатайтып, қияға самғатты. Бұл халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция кафедра жұмысының нәтижесін көпшілікке кеңінен таныстыруға зор мүмкіндік берді.
«Бұл кафедра шетелдік жастарды тәрбиелеуде өте жоғары маңызға ие. Шетелдік азаматтарды қалай оқыту керек, студент бойына қандай қасиеттерді сіңіріп, нені үйретуді басты назарға ұстаған жөн деген сияқты тәрбие сауалдарына жауап беретін бірден бір орта. Осы кафедрада педагогика саласында білікті мамандар даярлап, республикалық, әлемдік деңгейде ғалымдар қалыптастырды. Бұл кафедра тәрбие саласына аса мән беруімен құнды”, – деп пікір білдірген шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Ихсанғалиева Гүлнар Қуанышқызы аталмыш кафедраның педагогика саласындағы зор еңбектерін ерекше мақтанышпен айтты.
Барлық конференцияға қатысушылар рет-ретімен түрлі тақырыптарда өз баяндамаларын оқыды, әртүрлі тың тақырыптар тыңдалды. Баяндамашылар баяндама барысында туындаған сұрақтарға жауап беріп, қызу талқылауға қатысты. Педагогтар жиын барысында өз тәжірибелерімен бөлісіп, мастер-класс көрсетіп, ой-пікір алмасты.

А.Е. Саденова
Шетелдіктердің тілдік және 
жалпы білім беру дайындығы 
кафедрасы 

Алаш айнасы

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста