Президенттік олимпиада жүлдегерлері ЖОО-да оқуға грант алады

Президенттік олимпиада жүлдегерлері ЖОО-да оқуға грант алады

Қазақстанда жаратылыстану-математика циклі пәндері бойынша Президенттік олимпиаданың республикалық кезеңіне 192 оқушы қатысады. Жеңімпаздар Қазақстан-Британ техникалық университеті (9) және Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті (5) сияқты университеттерде оқуға грант алады., - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі министрліктің ресми сайтына сілтеме жасап.

192 оқушы республикалық кезеңге өтті.

 

Олимпиаданың үшінші кезеңі 2022 жылғы 29 қарашадан 2 желтоқсанға дейінгі аралықта академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды ​​университетінде өтеді.

 

«Олимпиаданың бірінші кезеңіне 3 мыңға жуық оқушы қатысты. Балалардың олимпиадаға қатысу көрсеткіші өсіп келеді. Олар математика, биология, химия және физика пәндері бойынша жарысқа түсті. Байқауға бұрын республикалық және халықаралық пәндік олимпиадаларға қатыспаған 11 (12) сынып оқушылары қатыса алатынын еске сала кетейік. Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҚР Оқу-ағарту министрлігінің I, II және III дәрежелі дипломдарымен марапатталады және гранттарды бөлуде басым құқыққа ие болады. Мысалы, былтыр министрліктің бастамасымен Қазақстанның 20 ЖОО осы олимпиада жеңімпаздарына 50-ге жуық грант бөлді. Министрлікке қарасты «Дарын» орталығының өкілдері жоғары оқу орындарын білім гранттарын бөлу бастамасын қолдауға шақырды. Осылайша, биыл Қазақстан-Британ техникалық университеті жеңімпаздарға 9 грант, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті 5 грант бөлді», - деді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова.

 

Олимпиаданың жабылу және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі 2022 жылғы 2 желтоқсанда өтеді.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста