Психолог талдықорғандық оқушының әрекетіне баға берді

Психолог талдықорғандық оқушының әрекетіне баға берді

Алматы облысы Талдықорған қаласында орналасқан М.Горький атындағы №4 орта мектептегі жағдай қоғамды қатты дүрліктірді. Ulysmedia.kz порталы оқушының мұғалімді балағаттаған сұмдық жағдайға байланысты сарапшылардың пікірін сұрады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі.

Психология және педагогика ғылымдарының магистрі Серікгүл Сәли мәселеге үш түрлі көзқараспен қарауға болатынын келтірді.

 

ҚАЗІРГІ БАЛАЛАР НЕГЕ АШУШАҢ

 

Біріншісі, ол, баланың мінезінің өзгеріп, дөрекі сөйлеуіне қандай да бір тәуелді ететін дәріханалық заттардың, есірткілік шөптердің, ойындардың әсер етуін атайды. Қазір жеткіншектер ересектер сияқты ақыл-сананы тұмандандырып, ашушаң ететін нәрселердің дәмін көруге ерте кезден құмарланып жатқаны жасырын емес дегенді айтады ондай балалармен көп жұмыс істейтін маман.

 

«Түнде ұйқы жоқ, күндіз өзін әзер алып жүреді. Сөз көтере алмайды, қабылдамайды, естімейді. Жіпке тізіп бере аламын, астананың өзінде 15 дәріханада дәрілер рецептісіз сатылып, екеуін араластырып ішсе, аузы-мұрнына шашса наркотиктік реакция береді. Осыны қолданатын балалар аз емес. Бұның артында миллиондаған ақша жасап отыр. Полиция да хабардар, дәріханаларды ешкім жаппайды, жоғары жақта біреулері бар, заң жүрмейді. Тіпті күніне неше рет жәдел жәрдем көлігі келеді. Өйткені балалар төртінші таблетканы ішкенде уланып, есінен танып құлайды», - дейді Серікгүл Сәли.

 

БАЛАНЫ ШЕКТЕН ТЫС КӨТЕРМЕЛЕУ НЕГЕ ӘКЕЛЕДІ?

 

Екіншісі, отбасыда мұғалімнің еңбегі құнсыздандырылып, баланы ерекше, жеңімпаз, көшбасшы деп мақтауы, ата-ананың оны досы сынды ұстап, кейде лайықсыз, шектен тыс көтермелей беруі оқушының ештеңеге құлақ аспауына әкелуде.

 

«Үшінші, бүгінгі білім жүйесінде, ұстаздардың өзін оқушылардың алдында ұстауында кем-кетік баршылық. Беделдері төмен. Ғаламтордан батыстың, Америка мен Еуропаның шығармаларымен, мәдениетімен танысатын жасөспірімдердің бойында еркіндік пайда болуда. Ал мектепте оқу қызықсыз өтіп, оқушы оған құлықсыздық танытса төмен баға қоюмен қанағаттанбай, мәжбүрлеу, жәбірлеу осындай келеңсіздіктерге соқтыруы ықтимал. Шыны керек, кейде ұстаздар буллингке өздері кінәлі. Баланы бағаламай, боқмұрын деп қарау, түсінуге тырыспау, бағамен қорқытып, бопсалау қисынсыз. Бүгінгінің баласы оған көнбейді, олармен сыйласып, ізденімпаздыққа шақыру қажет», - деп санайды психолог.

Нәтижесінде ұстаздың ой-өресі жоғары екені аңғарылса, бала да тыныш отырып, құрметпен қарайды, тыңдайды.

 

Маман қазіргі кезде мұғалім балаға тек білім береді, ал тәрбиелейтін заман өтіп кеткен дегенді нұсқайды. Содан балалардың арасында «мені тек әке-шешем ғана тәрбиелеуге құқылы» деген көзқарас тараған. Дегенмен мұғалім тәлімгерлік деңгейге жетсе әлбетте құба-құп.

 

«Ешкім мойындағысы келмейтін шындық, тәрбие мектептің ауқымынан әлдеқашан шығып кеткен. Кеңес одағында ата-ана жұмыста, баланы пионерлікке мүше болу, лагерьлер, партия бәрі атсалысып белгілі бір идеологиясы бар қоғам жаппай тәрбиеледі», - дейді түйінінде сала психологы.

 

МҰҒАЛІМДЕРГЕ ДЕПУТАТТАР СЕКІЛДІ АЙЫРЫҚША МӘРТЕБЕ БЕРУ КЕРЕК

 

Мектеп директорының орынбасары болып қызмет атқарған Нұрлан Шалғынбаев идеологиядан, ұлттық рухқа баулудан ойсырай жеңіліп жатырмыз дегенге келіседі. Бұл сарапшы да мұғалімді үйде мүлдем жағымсыз сипаттауға болмайтынын, баламен арадағы кикілжіңде ұстазды жақтауға тырысу керектігін айтады.

 

«Мектептегі жұмыста соны аңғардым. Әке-шешесі оқытушыға қалай қарайды, баласы соны қайталайды. Әрине педагогтың пәнін шебер меңгерген, еңсесі тік мықтылығы қажет. Еңсе демекші, өкінішке қарай, қазір кімде ақша бар, сол абыройлы. Мұғалім кедей, әдемі киімі мен көлігі болмаса, нарық та дегенін істейді», - деген ол мұғалімге де депутаттарға іспетті айрықша мәртебе беруді ұсынады.

Сонда заңдағы жауапкершілік те жоғары деңгейде іске аспақ.

 

Сосын мұғалім тек өз ісімен айналысқаны ләзім.

 

«Әйтпесе әдейі лас сайлауларға араластыру, партияны үгіттейтін саяси науқандарға жұмылдыру, жөндеу жұмыстарын жасатып қою тәрізді қисынсыздықтар оның келбетін әбден құртып бітті», - деп қынжылады қоғам белсендісі.

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста