Қапшағай қаласы білім бөлімінің басшысы пара алды деген күдікке ілінді

Алматы облысы Қапшағай қаласы білім басқармасының басшысы Раиса Ешимова бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлады chinovnik_kz телеграм-каналы.
 
Раиса Ешимова білім беруді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына бөлінген 1 млн теңге бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінген.
 
Бұған дейін Алматы облысы Білім басқармасының басшысы Майгүл Омарованың аса ірі көлемде пара алу күдігімен қамауға алынған. Сондай-ақ осы іске қатысы бар өңірлік ақпараттық технологиялар орталығының директоры Арапби Меңлібаев екі айға қамалса, білім басқармасының бөлім басшысы үйқамаққа алынған.
 
Басқарма басшысы 37 млн теңгеден астам пара алды деген ақпарат тараған.
 
 
Читайте также

Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре

Фанаты "Барыса" получили негативные известия

GTA VI впервые покажут уже в декабре

Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке

"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу

Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу