Қазалы ауданынан үш күнде 21 «Алтын белгі» иегері шықты

Қызылорда облысының Қазалы ауданының. «Алтын белгіге» үміткер 24 оқушысының 21-і өз білімдерін қорғап шықты.
Қазалы ауданынан мектеп қабырғасынан түлеп ұшқан түлектер он бір жыл бойғы алған білімдерін сынайтын Ұлттық Бірыңғай Тестілеуде өз бақтарын сынады.
Түлектерге сәттілік тілеген аудан әкімінің орынбасары Сұлтан Мақашов ұлттық сынаққа шын дайындалған, білімді оқушылардың жолы болатындығын атап өтті. Биылғы тестілеудің басты ерекшелігі, тәртіп күшейтіліп бейнебақылаулар, металл іздегіш қондырғылар орнатылған. Оқушыларға тест тапсырмаларын орындауға үш жарым сағат уақыт бөлінді. Ата-аналар болса, мектеп ауласында орналасқан экраннан балаларының тест сынағын тапсыру сәтін көріп отырды. Аудан орталығы Әйтеке би кентіндегі №249 мектеп-лицейде ұйымдастырылған ұлттық сынаққа Қазалы ауданының мектептерінен 756 оқушы бітірді. Олардың 466-ы (61,6 $) ҰБТ тапсыруға тілек білдірген болатын.
Қорыта келгенде Қазалы ауданы бойынша ҰБТ көрсеткіші былтыр 2014 жылы 75,2 пайыз болса,биылғы 2015 жылы 82,2 пайыз болды. Әзірге Қызылорда облысы бойынша ІІ орында . «Алтын белгіге» үміткер 24 оқушының 21-і және 4 оқушы «Үздік аттестатқа» өз білімдерін қорғап шықты. Ең жоғарғы 119 балл жинаған №249 мектеп-лицей оқушысы Едіге Әлихан, №94 орта мектептен Байтуған Алтынай «Алтын белгі» иегері болды.





