«Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында аударылған кітаптар таныстырылды

«Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында аударылған кітаптар таныстырылды

13 маусым күні Ахмет Ясауи университетінде ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясындағы «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша «Ұлттық аударма бюросынан» аударылған 18 оқулықты таныстыру рәсімі өтті.


Шара барысында университет ректоры Б.Әбдірәсілов Президент Н.Назарбаевтың тапсырмасымен қолға алынған «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының мәні өте зор екендігін айтып, алдағы уақытта біздің жастарымыз әлемдегі ең үздік оқулықтардан білім алатынын жеткізді. «Бұл оқулықтар әлемнің көшін бастап тұрған университеттерде оқытылады. Авторлары дүниежүзіне әйгілі ғалымдар. Аударуға таңдалған еңбектерді іріктеу барысында сарапшылар көп жұмыс жасады. Нәтижесінде әлемнің үздік оқулықтары қазақ тіліне аударылып отыр»,-деді оқу орын басшысы. Сондай-ақ, ректор Б.Әбдірәсілов, ректор өкілі М.Куталмыш жоғары білім беру жүйесіне енетін оқулықтардың тұсаукесер лентасын қиды.


Аударылған оқулықтардың мазмұны жайында университеттің белгілі ғалымдары өз пікірлерін білдіріп еңбектердің құндылығына тоқталды. Әрбір оқулыққа жеке-жеке тоқталған ғалымдар, өте құнды дүниелердің таңдап алынғандығын жеткізді. Кітаптарды таныстыру және насихаттау шарасын Ғылым және инновация департаменті және Ғылыми кітапхана ұйымдастырды.


Қазақ тіліне аударылған гуманитарлық ғылымдар бағытындағы бұл оқулықтар алдыңғы қатарлы әлем университеттерінің оқу жоспарына енген. Кітаптар әлемнің 42 елінде, 34 тілде басылған. Жалпы таралымы 47 миллионды құрайды.
Аударылған оқулықтармен мына сілтеме арқылы танысуға болады: https://100kitap.kz/kz

Университет баспасөз қызметі

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста